Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2024

80

ҚХА Хатшылығында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті

Үкімет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілхановтың Ассамблеяның ҚР Парламенті Сенатындағы депутаттарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында сенаторлар З.П. Кузиев, Г.Г. Шиповских, Н.И. Ниязова, А.Г. Сатвалдиев пен Е.А. Больгерт өңірлерге іссапарлары мен жазғы уақыттағы халықпен жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ұйымдастыру жұмыстары, ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы, осы Сенат депутаттары жетекшілік ететін ҚХА қоғамдық жобалары талқыланды.

М.Әзілханов депутаттардың назарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына дайындық аясындағы мәселелерге аудара отырып, ҚР Парламентіндегі «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының Ассамблеядағы қоғамдық құрылымдармен белсенді, әрі үйлесімді жұмысының және барлық деңгейдегі мәслихаттармен өзара іс-қимылдардың қажеттігін атап өтті.


Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар