Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Мамыр, 2021

289

ҚХА мүшелері 500 алма көшетін және 30 Кубан қарағайын отырғызбақ

ҚХА-ның XXIX сессиясында «Berbang» күрдтер қауымдастығы жастары атынан елордада алма бағын отырғызу ұсынылды. Ұсыныс қолдау тауып, ертең 7 мамыр күні сағат 10:00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы Тұңғыш Президент кітапханасының жаңа ғимараты жанындағы саябақ аумағында (Бөкейхан көшесі) көшет отырғызу ұйымдастырылады.

Клубтық сорттардың 500 алма көшетін және 30 Кубан қарағайын отырғызу жоспарланған.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ қатысады.

Кейін қарай