Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Желтоқсан, 2021

395

ҚХА мүшелері қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды

Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері барлық қазақстандықтарды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды.

«Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян мәдениеті орталығы қоғамдық бірлестігі Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды!

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Қазақстанда 2022 жыл ТМД-ның халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жариялаған болатын. Ол: «Мәдени-гуманитарлық өлшемдер тарихи байланыстарды сақтауда және халықтарымызды одан әрі жақындастыруда дәстүрлі түрде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты біз келесі жылды ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жарияладық».

Президенттің сөздері біз үшін өте маңызды. Біздің қоғамдық бірлестігіміз Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылады. Балалар ана тілін үйренеді. Біз үшін Қазақстан күш – қуат орнына-туған жерге айналды!

Келесі жыл - Солтүстік Қазақстан облыстық «Кентрон» армян мәдениеті орталығы үшін мерейтойлық жыл. Ақпан айында біздің бірлестігімізге 25 жыл толады.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарады деп үміттенеміз және Біз мерейтойды лайықты деңгейде өтуіне тілектеспін. Құрметті жерлестер, армян этносының бай мәдени мұрасымен таныстыра аламыз.

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!!! Баршаңызға бейбітшілік, үміт пен жақсылық тілейміз! Еліміз тыныш болып, Тәуелсіз елеіміз гүлдене берсін!

Геворк Геворкян,

«Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы

«Кентрон» армян мәдениеті қоғамдық бірлестіктің төрағасы,

Светлана Малхасян,

Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы

«Кентрон» армян мәдениеті

төрағасының орынбасары

***

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Келе жатқан жаңа жылдың жағымды жаңалықтары көп болсын. Әр отбасында баянды бақыт пен береке, денсауылық келсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз арта берсін. Жаңа жыл- бірлік пен татулықтың жылы болсын.

Саурукова Шынар,

Қордай ауданының «Шаңырақ» қазақ этномәдени бірлестіктігінің жетекшісі

***

Сіздерді Жаңа 2022 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілеймін.

Ізгі тілекпен, Станислав Насыров,

Қордай ауданының, «Отечество» славян этномәдени бірлестіктердің мүшесі

***

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл барлықтарыңызға тек жақсылық әкелсін, ал қиыншылықтар сіздерді айналып өтсін! Осы жарқын мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, күш-қуат, мықты ерік-жігер тілей отырып, одан әрі өркендеу, жетістіктер мен табыстар тілеймін! 2022 жыл әрқайсымыз үшін жоспарлар мен тың идеяларды жүзеге асырудың, барлық үміттердің ақталып және тілек-армандардың орындалар құт, береке, бақыт жылы болсын! Жанымызға жақын және қымбат адамдар, адал да, сенімді достар әрқашан жанымыздан табылсын!

Ең бастысы - келіп қалған Жаңа жылымыз Еліміз үшін жанға жайлы тыныш болғай, бейбітшілігіміз тұрақты, мәңгі болсын!

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

"Қоғамдық келісім"КММ басшысы

Парида Иманжанқызы Мамедова

***

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір шаңырақтың төрінен орын алатын Жаңа 2022 жыл барлықтарыңызға ерекше жақсылықтың жылы болып енсін есігіңізден! Бұрыннан дәстүрлі түрде мерекеленіп келе жатқан бұл мейрам әрбір адамның санасында таңғажайып ертегі әлеміндей сақталып келе жатқаны рас. Ең бастысы - балалар үшін өз кереметі бар қыстық, қуанышты мейрам.

Ендеше, атаулы мейрам болашағымыз - балалардың көтеріңкі көңіл-күйін сақтап, үй-іштеріңіз бен шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке, мол табыс әкелсін! Еңбек жолдарыңызға толағай табыстар, тың идеялар, шығармашылық шабыт-шарықтаулар тілей отырып, еліміз аман - бейбітшілікті, жұртымыз тыныш - келісімді болса екен деп тілеймін. Жер жүзіне тек тыныштық пен бақыт әкелсін бұл - Жаңа жыл!!

Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы

Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Абдрахманқызы Турдыева

***

Құрметті қазақстандықтар! Жаңа 2022 жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Барша қазақстандықтарды кележатқан жаңа жылмен құттықтай келе, аспанымыз ашық, денсаулықтарыңыз мықты болып, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын деп тілеймін! Халық арасында "Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, дұрыс ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады" деген сөз бар. Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, меійріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Жылыстаған жылдармен жылжып, есен-сау жүре берейік! 2022 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аңсаған арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын!

Жамбыл облыстық Дүнгендер қауымдастығының өкілі,

қалалық 34-мектептің директоры

Динара Хатамқызы Нұралиева

Кейін қарай