11 Қаңтар, 2021
251
ҚХА мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер кандидаттарға дауыс беруде
Дауыс беруге арналған пунктте халықаралық және қазақстандық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ Ассамблея сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдары қатысуда.
Нұр-Сұлтан қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруді өткізу тәртібін түсіндіргеннен кейін Ассамблея мүшелері дауыс беруге арналған пунктке шақырылды.
Дауыс беруге арналған бюллетень сайлаушыға сайлаушылар тізімінің негізінде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда беріліп отыр.
- Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл. Бұл ерекше дата. Ол қазақ еліне де, қазақ жеріне де, қазақстандықтарға да барлығына бір жаңалығымен, ерекшелігімен қадам басатын жыл. Тәу етіп жүрген Тәуелсіздікті ата-бабамыз сан ғасыр бойы армандады. Сол арманға біздер жетіп отырмыз. Бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымыз ұзағынан, елім мәңгілік болсын. Сол елімнің мемлекеттік тілі де мәңгілік болсын. Бастысы Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттік тіліміз ғұмырлы болуын тілеймін. 30 жылғы арманым осы. Ісіміз бен сөзіміз сай келіп, қазақтың тілі мемлекеттің ұлтаралық тіл болса екен деп соны армандаймын, - дейді Асылы Осман ҚХА мүшесі.
Осы орайда айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісіне ҚХА атынан 9 кандидатты ұсынып отыр.
1. АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы - VІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі.
2. АМИРХАНЯН Аветик Рубенович – Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі.
4. ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна – Көкшетау облыстық білім бөлімі «Техникалық лицей» КММ директоры.
5. ЛИ Юрий Виссарионович – «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі.
6. НАБИЕВ Вакиль Гусейнович – «Күрдтердің «Барбанг» ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.
7. ОСИН Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі.
8. ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович – «Жетісуоблгаз» ЖШС бас директоры.
9. ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович – «Әзербайжандықтар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
-
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
-
Өскеменде татуластыру орталығы ашылды
-
Өскемен қаласының Достық үйінде жас келіндерге арналған шеберлік сағаты өтті
-
Қарағанды оқушыларына КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау туралы сабақ өтті
-
Қызылордада «Жаңғыру жолы» жастары өткен жылға есеп берді
22 Қаңтар, 20:45
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
18 Қаңтар, 11:17
Қызылордада кибербуллинг бойынша мазмұнды кездесу ұйымдастырылды
19 Қаңтар, 10:38
Өскеменде ҚХА меценаттар клубының мүшелері марапатталды
18 Қаңтар, 11:39
Ақтөбеде «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің «Тәуелсіздік тірегі – бірлік» атты қоғмадық-мәдени іс-шарасы өтті
20 Қаңтар, 11:29
Алматы облысының Достық үйі ертегілерді жазу бойынша аймақтық байқау бастайды
САУАЛНАМА
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің алғашқы республикалық форумы қашан өтті?
2011 жылдың 7 қыркүйегі 2013 жылдың 24 сәуірі 2014 жылдың 13 қарашасы
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада қарақалпақ ұлтының қаһармандық дастанына арналған конференция өткізілмек
-
Қарағанды қаласының Достық үйінде ақпараттық сайттың таныстырылымы өтті
-
Өскеменде татуластыру орталығы ашылды
-
Өскемен қаласының Достық үйінде жас келіндерге арналған шеберлік сағаты өтті
-
Қарағанды оқушыларына КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау туралы сабақ өтті
-
Қызылордада «Жаңғыру жолы» жастары өткен жылға есеп берді