Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2021

318

ҚХА Медиация институты 5 жылдығын тойлайды

Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация институты 5 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 10 жылдығы атап өтіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық медиаторлар институтын қалыптастыру және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде және 5 жыл ішінде белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Айта кетейік, республикада 20 Медиация кеңесі құрылған. Тек республикалық Медиация кеңесі өзара ынтымақтастық туралы 20-дан астам (оның ішінде ҚР Жоғарғы Сотымен, ҚР Судьялар Одағымен, Ресей Федерациясының «Федералдық Медиация институтымен», Ресей Федерациясының Ұлттық Медиаторлар ұйымымен, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен, «Атамекен» ҰКП-мен, Республикалық адвокаттар алқасымен, Республикалық нотариаттық палатамен, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және «Тұран-Астана» университетімен) меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен барлық өңірлерде медиация кабинеттері ашылып, «Қоғамдық келісім» КММ штатына медиация мәселелері бойынша үйлестірушілер қабылданды.

Бүгінгі күні «Қоғамдық келісім» КММ және достық үйлерінде 17 медиация кабинеті жұмыс істейді, олар халықпен жұмыс істеу үшін 346 диалогтық алаң жұмысын ұйымдастырды, яғни, қоғам өмірінің барлық аспектілерін дерлік қамтыды.

ҚХА тізілімінде 2152 медиатор бар, оның ішінде, 2050 кәсіби емес медиатор, 102 кәсіби медиатор олармен 129 000-нан астам жүгінуге рұқсат етілген және барлығы оң шешілген.

Бүгінгі күні 311 000 адамды қамти отырып, 16 000-нан астам іс-шара өткізілді, 27 000-нан астам азамат медиация әдістерін қолдану дағдыларына оқытылды.

Өткізілетін іс-шаралар бүкіл ел бойынша медиация институтын танымал етуге бағытталған.


Кейін қарай