
17 Қыркүйек, 2024
234
ҚХА медиация кеңесінің отырысы өтті
2024 жылғы 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Достық үйінде облыстық ҚХА Медиация кеңесінің отырысы өтті.
Отырыстың ұйымдастырушысы - Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ.
Іс-шараға Қазақстан РеспубликасыМәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшын Италиева, ҚХА республикалық Этномедиация кеңесінің мүшесі, «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі» ЖМ басшысы, медиаторларды даярлау бойынша жаттықтырушы Алия Куртаева, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық ҚХА Медиация кеңесінің қоғамдық құрылымдарының мүшелері, БАҚ және басқалар қатысты.
Отырыста Этномедитация орталығы қызметі, этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдарды алдын-алу және шешу, жанжалдан кейінгі реттеудің тиімді шаралары, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдарды алдын алудыңтәжірибелік аспектілері қаралды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшын Италиева өз сөзінде этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдарды алдын алу, сонымен қатар жанжалдар туындаған жағдайларды дер кезінде шешу үшін шаралар қабылдай алатын азаматтар санын арттыру маңыздылығын атапөтті.
ҚХА республикалық Этномедиация кеңесінің мүшесі, «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі» ЖМ басшысы, медиаторларды даярлау бойынша жаттықтырушы Алия Куртаева «Этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері. Медиация сессиясындағы зерттеу кезеңі» тақырыбында cеминар-тренинг өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы