09 Маусым, 2021
360
ҚХА наградаларының жаңа дизайны таныстырылды
Қазақстан халқы Ассамблясының атынан берілетін наградалар тізіміне бірқатар өзгеріс енгізілді.
Бұл туралы ҚХА Төрағасының орынбасары Мая Бекбаева Ассамблеяның кеңейтілген отырысында мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының төрт қоғамдық марапаты бар. Олар:
1) «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі»;
2) «Жомарт жан» төсбелгісі»;
3) Құрмет грамотасы;
4) алғысхат.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің қарауына қоғамдық наградалар туралы ереже жобасы мен қоғамдық наградалар дизайны ұсынылып отыр. Біріншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық медалі өзгеріссіз қалады. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы беріліп, қоғамда үлкен беделге және танымалдыққа ие болды», - деген Ассамблея өкілі бұл медаль халықтың бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілетіндігін еске салды.
«Екіншіден, бедел мен әлеуметтік маңыздылығын арттыру үшін «Жомарт жан» төсбелгісінің дизайнын өзгерту ұсынылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі Қазақстан Республикасындағы меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытудағы еңбегі үшін азаматтарды қоғам болып тану және көтермелеу белгісі болып табылады. 2017 жылдан бастап бұл марапатқа 100-ден астам адам ие болды. Жаңа дизайн бойынша төсбелгі дәстүрлі қазақ оюы бар алтыбұрышты жібек қатқыл лентаға бекітілген», - деді Мая Бекбаева.
Сондай-ақ, ол «Жомарт жан» төсбелгісінің дизайны мен мазмұнын қайталап тұрған «Мейірім» төсбелгісінің орнына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісін енгізуді ұсынды.
«Алғыс» төсбелгісі азаматтардың Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне және халықтың бірлігі мен рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған әлеуметтік, мәдени және ақпараттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін беріледі. Төсбелгіні тапсыру құқығын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің қалауы бойынша ұсыну көзделеді.
Бұл төсбелгімен Қазақстан Республикасының азаматтарын және ерекше жағдайларда шетел азаматтарын марапаттау жоспарлануда. Әрбір марапатталушыға тиісті куәлік беріледі», - деді Ассамблея Төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, АҚХА атынан берілетін құрмет грамотасы мен алғыс хаттардың дизайн және мазмұны өзгеріссіз қалмақ.
«Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер Ассамблеяның қоғамдық наградаларының бірыңғай желісін құруға және олардың бірыңғай дизайнерлік шешімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл Ассамблеяның қоғамдық наградаларының мәртебесі мен маңыздылығын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мая Бекбаева.
inform.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
-
Республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтті
вчера, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
14 Сәуір, 17:46
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
15 Сәуір, 23:06
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Акбаржон Исмаиловтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы
-
Көкшетауда ҚХА Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы өтті
-
Республикалық Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған «Арайлы Атамекенім» тақырыбында ҚХА ЭМБ жастарының интерактивті кездесуі өтті