30 Қараша, 2020
661
ҚХА-ның 25 жылдық достық эстафетасы Махамбет ауданына табысталды
Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай бастау алған Достық эстафетасы Атырау облысындағы Махамбет жеріне жетті. Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Абилхасимов бастаған делегация тобы Ассамблеяның 25 жылдық символы мен эстафета альбомын махамбеттіктерге ресми түрде табыстады.
Махамбет аудандық мәдениет үйінің киелі сахнасында Қазақстан халықтарының татулығы мен тұрақтылығын паш еткен әсем әндер әуелеп, әуезді күйлер күмбір қақты.
Мерекелік шараға қатысқан Атырау облысы ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жанар Ильясова, Қоғамдық келісім кеңес төрағасы Нұржан Ермұханов және облыстық грузин, славян этномәдени бірлестіктерінің төрағалары өздерінің мерекелік лебіздерін айтып, осындай игі істерге бастамашы болған Ассамблеяның жұмысына одан әрі де толағай табыстар мен нәтижелі жетістіктер тіледі.
“Иверия” грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе:
- Қазақ халқына деген алғысым шексіз. ҚХА-ның 25 жылдығына орай өтіп жатқан осындай маңызды іс шаралар ұлттар арасындағы татулық пен бірлікті одан әрі бекіте түседі деп білемін, - деп мерекелік толқуын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті