Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қыркүйек, 2021

346

ҚХА-ның Президент Жолдауын талқылауға және жүзеге асыруға арналған республикалық дөңгелек үстелi өттi

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының Президентi Қ.К. Тоқаевтың «Халық бiрлiгi және жүйелi реформалар - ел өркендеуiнiң берiк негiзi» Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға және жүзеге асыруға арналған дөңгелек үстелi өттi.

Iс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушiсi М.Әзiлханов, ҚР Ақпарат және әлеуметтiк даму вице -министрi С.Егiзбаев, ҚХА-дан сайланған Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары, республикалық және облыстық этномәдени бiрлестiктер төрағалары, Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының өкiлдерi, «Жаңғыру жолы» ҚХА республикалық жастар қозғалысының мүшелерi, этникалық БАҚ басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Президент Жолдауының басымдықтары мен мiндеттерiн, оларды жүзеге асыруға ҚХА-ның атсалысуын, сондай-ақ қоғамдық келiсiм мен ұлттық бiрлiктi нығайту бойынша Ассамблеяның алдағы жұмысын талқылады.


ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушiсi М.Әзiлханов өзінің алғы сөзінде биылғы Жолдау – қоғамның бiрлiгiн сақтау және Тәуелсiздiктi нығайту қажеттiлiгiн ұғындыратын, татулық пен достықтың бiрегей жолдауы екенін атап өтті.

- Баршамызды бiрiктiретiн құндылықтардың арқасында бiз 30 жыл татулық пен келiсiмде өмiр сүрiп келемiз, тәуелсiз Қазақстанды құрдық, Тәуелсiздiктiң ұрпағын өсiрдiк. «Халықтың бiрлiгi» Жолдаудың атауында бiрiншi орынға қойылған. Мұның терең символикалық маңызы бар және бiзге – Ассамблея мүшелерiне, Ассамблеяның әр өкiлiне, әр құрылымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi. Тәуелсiздiгiмiздiң тарихи тәжiрибесi көрсеткендей, бiрлiк пен келiсiм экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, саясаттағы барлық жүйелi реформаларды жүргiзудiң негiзгi iргетасы болды, әрдайым солай болып қала бередi. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсетiлгендей, елiмiз бен халқымыздың дамуының эволюциялық қағидаты осы аксиомаға негiзделген. Бiздiң әрқайсымыз осы қағидаттың дұрыстығына өз тәжiрибемiзде көз жеткiздiк. Биылғы Жолдау әлеуметтiк-экономикалық және саяси күн тәртiбiндегi өзектi мәселелерге нақты да тұщымды жауап ретiнде бүгiнгi таңда ел азаматтарын толғандыратын мәселелердi қамтығаны баршаңызға аян, - дедi.


Сондай-ақ, Марат Алмасұлы Жолдау Қазақстанның Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың саясатымен ұштастырылғанын, атап айтқанда, бiрлiк пен келiсiмге, әлеуметтiк мемлекет құруға, демократияландыруға, саяси жаңғыртуға және адам құқықтарын қорғауға бейiлдiлiк сияқты мемлекеттiк саясаттың негiзгi мәселелерiндегi стратегиялық сабақтастықтың жарқын мысалы болғанын атап өттi.

– Жолдаудың гуманитарлық негiзi, оның Қазақстанның әрбiр азаматының мүддесiне бағытталуы назар аудартады. Мемлекет басшысы Тәуелсiздiк – бiздiң ең қастерлi құндылығымыз екенiн айрықша атап өткенi кездейсоқтық емес, бiз үшiн әрбiр азаматтың Тәуелсiздiк игiлiгiн сезiне алуы маңызды. Бұл – бейбiт өмiр, қоғамдық келiсiм, халықтың әл-ауқатын арттыру, жастардың болашаққа деген сенiмi. Қазақстан халқы Ассамблеясының барша мүшелерi Жолдаудың барлық тараулары мен мiндеттерiне толық қолдау көрсеткенiн атап өткiм келедi. Ассамблеяның жүздеген мүшелерi Жолдаудың ең маңызды басымдықтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйледi Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауды өзiнiң жаңа мәртебесi – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы ретiнде жариялағанын атап өту қажет. Жолдаудың негiзгi тезистерiн зерделей отырып, бiз, бiрiншiден, Мемлекет басшысының этносаралық қатынастар мәселелерiндегi стратегиялық сабақтастықты қамтамасыз ету жөнiндегi саяси ерiк-жiгерiнiң табандылығын терең түсiнемiз және пайымдаймыз.


«Бiздiң «Әралуандықтағы бiрлiк» деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейдi, «бiз бiртұтас ұлтпыз», «бiз қоғамдағы бiрлiк пен келiсiмдi көздiң қарашығындай сақтауымыз керек», «iшкi тұрақтылық пен жалпыұлттық бiрлiктi сақтап, нығайтуымыз керек» – Мемлекет басшысы Жолдауының бұл тезистерiн бiз қоғамдық нормалар мен бiздiң өмiрiмiздiң императивi ретiнде ұғынуымыз және қабылдауымыз керек. Бұлардың барлығы Ассамблеяның 29-шы сессиясында Қазақстанның Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев айқындап берген этносаралық қатынастар және интеграция саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу, сондай-ақ ұлттың жаңа бiрегейлiгiн нығайту қағидаттары мен идеологиялық тәсiлдерiнен тiкелей туындайды, - деді ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушiсi.


Марат Әзілханов өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қазiргi жағдайда бiрлiк, татулық және келiсiм идеологиясы мен құндылықтарын қорғайтын бiрегей қоғамдық орган болып табылатынын айтып кетті. «Бұл құндылықтар қоғамдық келiсiм мен жалпыұлттық бiрлiктiң қазақстандық бiрегей моделiнiң берiк тұғырында қалыптасып, дамиды. Ел бiрлiгi доктринасы, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтары – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қабылданған идеялық тұжырымдамалар бүгiнде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсiздiк бәрiнен қымбат» бағдарламалық мақаласында, оның Қазақстан халқына Жолдауларында жалғасын тапты» - деді ол.

– Сындарлы саясаттың арқасында қазақстандық этностардың топтасуы қамтамасыз етiлдi, атап айтқанда, азаматтық бiрегейлiк негiзiнде; қазақы құндылықтар мен қазақ халқының айналасында – мәдени-тарихи, егемендiк арқауы және интеграцияның негiздерi ретiнде, мемлекеттiк қазақ тiлiнiң бiрiктiрушi рөлiн мойындауға және сенiмдi iлгерiлетуге қол жеткiзiлдi. Бұл ретте барлық этностар өз стратегиясы ретiнде Қазақстанның бiртұтас халқына бiрiгу жолын таңдады. Бiз бiртұтас халық ретiнде қалыптасып, бiрегей мемлекет құрдық, ұлттық мәдени мұрамызды сақтап, ұлғайттық деп мен сенiммен айта аламын. Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауы бiзге қазақстандықтардың әрбiр жаңа буынын осы құндылықтарды одан әрi дамытуға, қалыптастыруға және таратуға тiкелей бағыт бередi. Мемлекет басшысының бұл мәселеде рухани жетiстiктерiмiздi сақтаушы зиялы қауымға және рухани мұраны игеруi тиiс жастарға үндеуi кездейсоқтық емес. Қазiргi жағдайда бұл процесс автоматты түрде жүзеге аспайды – бұл әрқайсымыздан үлкен iшкi рухани жұмысты, сөзiмiз бен iсiмiздегi даналықты, пайымдаулардағы тепе-теңдiктi, ұлттық мүдделердi қорғауға бел байлауды талап етедi. Түрлi этностар өкiлдерi өз балаларын қазақ балабақшаларына, қазақ мектептерi мен ЖОО-да оқытуы бүгiнгi таңда жиi кездеседi, - деді Марат Алмасұлы.


Айта кету керек, бүгiнде Қазақстанда 5644 ұйым балаларды қазақ тiлiнде оқытады және тәрбиелейдi, 3798 қазақ мектебi жұмыс iстейдi.Түрлi этнос өкiлдерiнен, әсiресе қазақ тiлiн жетiк меңгерген жалынды жастардан осы саясаттың оң нәтижелерiн көруге болады.

Дөңгелек үстелде қазақ тiлiн үйрену, оның қызмет ету аясын кеңейту, күнделiктi өмiрде пайдалану қазақ тiлiне деген достық, сенiм мен сүйiспеншiлiк жағдайында өтуi тиiстігі сөз болды.

– Барлық басқа әдiстер, тәжiрибе көрсеткендей, бiз көздеген нәтижеге қол жеткiзбейдi. Латын графикасына көшу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру мемлекеттiк тiлдi дамытуға қуатты серпiн бердi, Қазақстан әдебиетiнiң таңдаулы шығармалары БҰҰ-ның 6 тiлiне аударылды, түрлi бiлiм салалары бойынша әлемнiң үздiк оқулықтары мемлекеттiк тiлге аударылды. Бүгiнгi таңда, Тәуелсiздiктiң 30 жылдығында, қазақ тiлi интегратор тiлге, ел iшiндегi этносаралық қарым-қатынас тiлiне айналатын уақыт келдi. Мемлекет басшысы қазақ тiлiн дамыту мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi болып қала беретiнiн атап өттi. Бұл пiкiрдi, әрине, Қазақстанның барлық азаматтары, соның iшiнде түрлi этностар өкiлдерi де қолдайды. Қазақстанның барлық этностары мемлекеттiк тiлдiң осы жаңа әлеуметтiк рөлiн қолдайды, оның өмiршеңдiгiне және бiрiктiрушi әлеуетiне сенедi. Сондықтан Достық үйлерiнде, республиканың этномәдени бiрлестiктерiнде 174 жексенбiлiк мектеп жұмыс iстейдi, оларда мемлекеттiк тiлде оқытатын 124 топ жұмыс iстейдi. Ассамблея мемлекеттiк тiлдi дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады – олардың қатарында «Мың бала» жобасын, этномәдени бiрлестiктердiң жастарына арналған Тiл мектебiн, «Ұлы Даланың ұлтаралық тiлi» форумын, сондай-ақ Достық үйлерiнiң жанындағы жексенбiлiк мектептер мен 18 қазақ тiлiнде пiкiр алмасу «Мәмiле» клубтарын атап өтуге болады, - деді ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушiсi.


Сөз алған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрi Серiк Рахметоллаұлы Егiзбаев қазiргi кезеңдегi халық бiрлiгi – мемлекет дамуының басты бағыттарының бiрi екендігі баса айтты.

– Бiртұтас ел болып жаңа мемлекет құруда халықаралық қауымдастықты дамытуда берекелi бiрлiктi қалыптастыру жолында мақсатты және тұрақты жұмыс министрлiктiң негiзгi мiндетi. Осы тұста елiмiздегi этносаралық қатынастың маңыздылығы барлығымызға мәлiм. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Жолдауында қазақ тiлiн дамыту мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарының бiрi қала беретiнiн атап айтты. Министрлiк қазақ тiлiн дамытуға, қолданыс аясын кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында мемлекеттiк тiлдi үйренуге айырықша көңiл бөледi. Елiмiздiң барлық өңiрiндегi Достық үйлерiнде этномәдени бiрлестiктер жанындағы жексенбiлiк мектептер жұмыс iстейдi. Онда мемлекеттiк тiлдi және этностардың ана тiлiн оқыту қазақ халқының бай мәдениетi мен ежелгi дәстүрлерiн таныстыру жүргiзiледi. Елiмiз бойынша барлығы 174 жексенбiлiк мектептер жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Достық үйлерiнiң базасында тұрақты негiзде қазақ тiлiн оқыту 18 мәмiле пiкiрталас клубтары ұйымдастырылған. Министрлiк қазақстандық этностардың алуантүрлi рухани мәдениетiн танымал ету жобасын iске асыруда. Бұл жоба қазақ халқының салт-дәстүрi мен әдет-ғұрыптарын зерделеуге, қазақ тiлi мен Қазақстан этностарының ана тiлi мен ақын-жазушылардың көркем туындыларын зерделеуге, халық ертегiлерiн, тарихты және т.б танымал етуге жүйелендiрiлген, - деп атап өттi ол.

Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, Жолдау әлеуметтiк-экономикалық және саяси күн тәртiбiнiң өзектi мәселелерiне нақты практикалық жауап болды, халықты толғандыратын өзектi мәселелерге тiкелей жауап бердi.

Iс-шара нәтижесiнде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерi мен барлық құрылымдарының Мемлекет басшысының Жолдауын түсiндiру және iске асыру жөнiндегi жұмысқа қатысу үшiн нақты шаралар әзiрлендi.

Кейін қарай