Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қараша, 2020

479

ҚХА республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтпек

2020 жылғы 26 қараша күні сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің төрағасы Н.Микаелян, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Е.Үйсімбаев, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Е.Шәуенов, министрліктер мен өңірлік медиация орталықтарының өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысады.

Іс-шара барысында Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің жаңа құрамы бекітіледі және Медиация кеңесінің ережесі қаралады.


Кейін қарай