Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Мамыр, 2020

1301

ҚХА суретші балалар арасында байқау ұйымдастырады

Балаларды қорғау күні қарсаңында, Нұр-Сұлтан қаласындағы мектеп жасындағы балалар арасында Instagram әлеуметтік желісінде байқау жариялаймыз!

Байқау шарттары:

- Балаларды қорғау күніне арналған «Әлем балалар көзімен» атты тақырыпта сурет салып, ақпарат астына баланың аты мен жасын жазып, #1маусымҚХА #1юняАНК хештегімен бірге қою;

- @assembly_nur_sultan парақшасына жазылу;

- @assembly_nur_sultan парақшасын белгілеу;

- Байқау фотоларына «лүпіл» қою.

Байқау 26-30 мамыр аралығында өтеді.

Финалистерді жариялау күні – 30 мамыр. Одан әрі жазылушылар жеңімпаздарды өздері таңдайды.

Жас санаттары бойынша біз байқаудың 3 финалистін таңдап, ақтық бөлім өткіземіз. Онда біздің оқырмандарымыз дауыс беру арқылы басты жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар саны үшеу. Олар елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан бағалы сыйлықтарға ие болады.

Байқау қорытындысы 1 маусым күні сағат 21:00-де жарияланады.

* Instagram-дағы сіздің профиліңіз байқау кезінде ашық болуы керек .

Ескерту: фейк аккаунттар байқауға қатысуға жіберілмейді.

Кейін қарай