Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2022

2576

ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Мақтаарал ауданының активімен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданының активімен кездесу өткізді.

Жиын барысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Одан әрі «Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараларға қатысты.


Өңірдің қоғамдық өмірінде әлеуметтік белсенділік танытқан тәжік этносының өкілдері қатарынан ақсақалдармен, басшылармен және қоғам қайраткерлерімен кездесті.

Әңгімелесу барысында қатысушылар атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Өз кезегінде ұйымдастырылған «Қазақ еліне мың алғыс» және «Достық дастарханы» акциялар осы өңірде бірлік пен келісімде өмір сүріп жатқан этностардың ынтымағы мен қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейін көрсете білді.


Сондай-ақ М.Әзілханов Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығымен ұйымдастырылған I-ші жастар форумына, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау бойынша қайырымдылық акциясына және мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы футбол турниріне де қатысты.

М.Әзілханов жұмыс барысы аясында С.Айни атындағы № 55 орта мектепті аралап өтпекші. Бұған қоса Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер қауымдастығының қызметіне белсенді қатысатын жергілікті кәсіпкерлермен кездесулері де жоспарланған.


Кейін қарай