11 Тамыз, 2022
366
ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Алматыда «Ассамблея жастары» белсенділерімен кездесті
Кездесу барысында жұмыстың жаңа тәсілдері, ҚХА жастар жобаларын дамыту идеялары, волонтерлік және қайырымдылық саласындағы бастамалар, оңтүстік мегаполис университеттерінде ҚХА жастар ұйымының өкілдігін кеңейту мәселелері талқыланды.
Марат Әзілханов өз сөзінде егжей-тегжейлі айтып өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясының кадрлық резерві» жобасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ассамблея жастарының белсенді жұмысы мен жоба аясындағы жаңа мүмкіндіктерге тоқталды.
«Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері жұмысты бағалау және жастардың белсенділік рейтингін беру, жаңа медиа жобалар, этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының белсенділігін арттыру, Алматыда Студент жастар форумын өткізу туралы ұсыныстарын айтты. Өз кезегінде жас белсенділер өздерінің «Гурмандары» және «ПоХАБАРим» медиа жобаларын әзірлегені үшін жоғары бағаланды.
Кездесуге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері: Республикалық дүнген этномәдени орталығының төрағасы З. Махусеев, Қазақстан Ұйғыр жастары одағының төрағасы Р.Кайрыев, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаттарының жетекшілері, мегаполистің студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті