15 Қыркүйек, 2023
47
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрына барды
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Алматы қаласы күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрына барды.
Қонақтарды Қазақстан корейлері қауымдастығының өкілдері, «Синсянг» театрдың балет труппалары және әртістері қарсы алды.
Марат Әзілханов өзінің құттықтау сөзінде театр қонақтарын және барлық қатысушыларды Қала күнімен құттықтады және бұл театрда 250-ден астам қойылым мен концерттік бағдарламалар өткізілгені туралы, Қала күндерін өткізудің символдық мәні бар екенін айтты.
Сонымен қатар, Марат Әзілханов өткен жылы театрдың 90 жылдығы, биыл Корей түбегінен тыс, әлемдегі ең көне корей тіліндегі «Коре Ильбо» газетінің 100 жылдық мерейтойы аталып өткенін айтты. «Бұл даталар корейлердің Қазақстанда қаншалықты тамыр жайғанын және жоғары даму деңгейіне жеткенін көрсетеді. Биыл 33 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Қазақстан корейлері қауымдастығы 120 мыңға жуық этностық корейл еліміздің қоғамдық, саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне белсене араласып, корей тілінің, дәстүрлері мен мәдениетінің еркін дамуы үшін жасалған барлық мүмкіндіктерді пайдаланады» - деп атап өтті.
Ол сондай-ақ театрдың жаңа директоры – Ким Елена Викторовнаға жауапты миссияны жоғары атқаруды және Қазақстанның көп қырлы көпэтносты театр өнерін дамытуды тілеп маңызды миссия ретінде – Қазақстан халқы Ассамблеяның «Алғыс» төсбелгісін еліміздің дамуына, әсіресе мәдениет пен өнер саласына үлкен үлес қосып жүрген ассамблея өкілдеріне, алматылықтарға табыс етті.
Қонақтарға Республикалық мемлекеттік академиялық корей театры әртістері, «K&VOICE» вокалдық тобы, «Радуга» балет труппасы, драма труппасы өнер көрсетті. Олар монологтар, этюдтер, Ш.Қалдаяқовтың әндерінен попурри, қазақтың «Назқоңыр», «Бақыт құшағында», «Алматы» әндері, «Нимгва Хамке» корей әні шырқады және басқа да шығармаларды орындады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орал қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ӘЗІЛХАНОВТЫҢ ЕҰУ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУІ
-
ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
-
ОРАЛДА «ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ РӨЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘРІС ӨТТІ
-
Республикалық әдістемелік кеңесінің онлайн-отырысы
-
Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективаларын талқылады
24 Қыркүйек, 10:42
ЕҢБЕК КҮНІМЕН!
27 Қыркүйек, 21:04
ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ
28 Қыркүйек, 23:03
ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.ӘЗІЛХАНОВТЫҢ ЕҰУ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ АКТИВІМЕН ДӘСТҮРЛІ КЕЗДЕСУІ
29 Қыркүйек, 17:35
Орал қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Қыркүйек, 21:18
«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РММ ӨҢІРЛІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ