27 Мамыр, 2020
1474
ҚХА Қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары күніне орай халықаралық on-line-конференция өткізеді
2020 жылдың 29 мамыр күні сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясының Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» атты жыл сайынғы халықаралық жобасы аясында «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» халықаралық on-line-конференция өтеді
Оn-line-конференция жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, Еуразия халықтары ассамблеясы Бас хатшылығының басшысы С.К.Смирнова, шетелдік және қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.
On-line-конференция аясында пленарлық сессия және «Депортация. Репрессия. Тағылым.», «Ашаршылық. Соғыс. Тәлім» тақырыптарына панельдік сессиялар ұйымдастырылады.
On-line-конференция аясында қатысушыларға ҚР Президенті мұрағатының тарихи-құжаттық көрмесі, КарЛАГ және АЛЖИР музей-мемориалдық кешендерінің материалдары бойынша таныстырылымдар ұсынылады.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының мақсаты – жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтар қағидатында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту.
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасының іс-шаралары тұңғыш рет 2010 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының (ГЫМҚ) қолдауымен Астана қаласында және «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында ҚР Президенті жер аударылған және қуғын-сүргінге ұшырағандардың 12 мемлекеттен келген ұрпақтарын қабылдады, олар жапа шеккен халықты есте сақтау мәселелері талқылады.
Іс-шара барысында ТМД елдері тарихшыларының «Тарихтан – қазіргі заманға» атты бірінші форумы өтті, оған 300-ден астам отандық және шетелдік тарихшылардың ғалымдары қатысты. Форум қорытындысы бойынша тарихи мұраны зерделеудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу жөніндегі Астана хартиясы қабылданды.
2011 жылы еске алу эстафетасын Қарағанды облысының Долинка кентінде қалпына келтірілгеннен кейін ашылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі қабылдады. Бұл іс-шара өткен ғасырдың 30-шы және 40-шы жылдары Кеңес өкіметінің мемлекеттік терроры жүйесінде қуғын-сүргінге ұшырағандарға арналған ең үлкен лагерьлердің бірі КарЛагтың құрылғанына 80 жыл толуымен қатар келді.
Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» АҚ аталған жоба аясында ҚХА қолдауымен Қазақстанға жер аударылған халықтар (режиссері С. Тауекел, сценарист Л. Сон) туралы баяндайтын «Жерұйық» көркем фильмін шығарды.
ҚХА аясында Қарағанды қаласында Астана қаласы арқылы «АЛЖИР – КАРЛАГ» атты автошеру өтті.
2012 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы 30-шы жылдардағы жаппай ашаршылық құрбандарын еске алудың 80 жылдығына және Қазақстан халықтарының жер аударылуының 75 жылдығына орай өткізілді. Астана қаласында «Ашаршылық құрбандарына есерткіш» монументі ашылды.
Этномәдени бірлестіктердің бастамасымен Алматы облысы Қаратал ауданы, Үштөбе қ. Бастөбе тауының етегінде халықты алғашқы жер аударған жерде «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің іргетасы қаланды.
2013 жылы іс-шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында «Қасірет» мемориалының жанында өтті; облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті. Ж. Шанин ат. облыстық драма театрында «Тарих трагедиясы» атты музыкалық-драмалық композиция қойылды.
2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында: «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы, «АЛАШ феноменіне заманауи көзқарас: тарих сабақтары және біріктіруші тұжырымдар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, «Есте сақтау үшін...» акциясы және митинг өтті.
2015 жылы жобаға қатысушылар Орал қаласының Жымпиты ауылында болды, жоба аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «ҚХА - 20 ізгі іс» қайырымдылық акциясы; депортация, саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ҰОС ардагерлерін еске алу асы; «Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы» әлеуметтік кеңес беру; жастарға арналған «Құрмет. Түсіну. Келісім» әлеуметтік тренингі ұйымдастырылды.
2016 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Жезқазған қаласы мен Ұлытау кентінде (Қарағанды облысы) ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы; «Еске алу аллеясы», «Теңдессіз сый» акциялары және еске алу акциясы; «Халықтың қасіреті ұмытылмайды!» құжаттық-экспонат көрмесі; «ХХ ғасырдың 30-50 жж. саяси қуғын-сүргін» тақырыптық көрмесі; тарих сабақтары және т.б. іс-шаралар өтті
2017 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Қызылорда облысында, Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ауқымды іс-шаралар өтті. Қорқыт ата: «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты ғылыми-практикалық конференция; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917-2012)»; «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи-құжаттық көрмесі өтті.
2018 жылы іс-шара жобасы аясында Ақтөбе облысында: «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл қою рәсімі, «Бестамақ» ауылында ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» РЖҚ, «Тағзым» республикалық тарихи-экологиялық акциясы бастау алды, «Тарихи жады – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында бейбітшілік сабақтары, «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым: тарлан тарих тарихи зерде» атты халықаралық дөңгелек үстелдер өтті. («Нұр Отан» партиясының ғимараты»); «Жастар жобасындағы тарихи естелік. Жастардың «Связь поколений» саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесуі (Достық үйі), митинг және «Түйе төбе» мемориалына гүл шоқтарын қою («Түйе төбе» алаңы), ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің ашылуы (тұрғындар қалашығы), «Рухани жаңғыру жолындағы тарих тағылымы» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы, «Из истории депортаций. Казахстан. 1939–1945 гг. 3-й том» (ҚР Президентінің архиві, Ақтөбе облыстық архиві) кітабының және ҚХА мультимедиялық порталының таныстырылымы өтті.
2019 жылы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жоба аясында «Жарқын болашақ үшін өткенді тарихи-мәдени ұғыну» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Форум аясында конференцияға қатысушыларға «Из истории депортаций. Казахстан. 1939–1945 гг. 3-й том» (ҚР Президентінің архиві), Н.Дулатбековтың «Лев Премиров: исповедь художника Карлага» атты кітаптары таныстырылды. Елорданың оқу орындары базасында ҚХА мүшелерінің, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының, музей, кітапхана мамандарының, студент жастардың қатысуымен «бейбітшілік сабақтары» өтті. Форумға қатысушылар Целиноград ауданы Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешенінде Естелік қабырғасына, сондай-ақ «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шара соңында «Қазақ еліне мың алғыс» алаңында елорда жастарының қатысуымен «Естелік вахтасы» флеш-мобы өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті
26 Наурыз, 13:20
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
27 Наурыз, 17:00
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
22 Наурыз, 13:56
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
вчера, 22:29
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Президент Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
-
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Ақсақалдардың аталы сөзі» Ақсақалдар кеңесінің республикалық конференциясы өтті