06 Сәуір, 2022
336
ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.А.Әзілхановтың төрағалығымен «Жаңа Қазақстан қалыптастыру контексіндегі ұлтқұру үдерістері» тақырыбында Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаттары, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері, жас ғалымдар пулы және басқалары қатысты.
Спикерлер: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл, ҚХА ҒСК төрағасының ғылыми бағдарламаларды дамыту жөніндегі орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, профессор Зарема Шаукенова, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, философия ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова.
Алғы сөзінде Ассаблея Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Мемлекет басшысының саяси реформалар бағдарламасында ұлтты біріктіру мәселелері ерекше орын алатынын, мемлекет бүгінде этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ғалымдардың, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің сыни алдын алуға бағытталған бағалауы, ұсынымдары мен ұсыныстарына ерекше мұқтаж екендігін атап өтті.
Еркін Әбіл өз сөзінде ұлттық тарихты репрезентациялауда жаңа әдіснамалық тәсілді әзірлеу қажеттігіне назар аударды. Бұл ұлттық тарихтың әлемдік тарихқа қосқан объективті үлесін, оның бүкіл адамзаттың дамуына әсерін көрсету үшін ерекше маңызды.
Зарема Шаукенованың пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының пулын Мәжілістен Парламент Сенатына ауыстыру Мемлекет басшысының бейбітшілікті сақтау және ұлт бірлігін нығайту саясатына деген ұстанымын көрсетеді.
Сенаттағы ҚХА квотасы - бұл заң шығару қызметінде жалпыұлттық бірлік пен этносаралық келісім постулаттарының сақталуын айқындайтын нақты артикуляция.
Анар Фазылжанова өз кезегінде, ұлттық идеологияның құралы да, өзегі де – тіл, мемлекеттік тіл, деген пікірді білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарының санасында ортақ түсініктер, құндылықтар, мәдени кодтар, ізгі ахлақ стереотиптері орныққанда, олар әр тұлғаның күнделікті ойлау, әрекет ету «программасын» басқарғанда, жалпымемлекеттік бірегейлік орнайды. Ал бұлардың барлығының сақтаушы, жинақтаушы, жүйелеуші, таратушы мықты әмбебап құралы –мемлекеттік тіл.
Іс-шара соңында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді қосу мәселесі талқыланып, қатысушылар еркін форматта пікірлерімен алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Астанада «Родны Кут» қауымдастығының міндеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті