Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Маусым, 2021

277

ҚХА жастары вакцинациялауды насихаттау мақсатында акция өткізіп жатыр

Жаппай вакцинациялауды насихаттау аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары әлеуметтік желілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинацияны қолдау үшін акция өткізіп жатыр.


Акция мақсаты - халықты COVID-19 сақтану үшін жаппай вакцинациялау туралы хабардарлығын арттыру.

Елде халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың ауқымды бағдарламасы қызу жүріп жатыр.

Акция шарты бойынша короновирус инфекциясына қарсы вакцина алған жастар өздерінің процедурадан кейінгі көңіл-күйімен бөлісе алады, өз әсерлері, антиденелердің пайда болуы туралы айта алады.

Акция әлі де жалғасып жатыр, қатысқысы келетін жастар өзінің жеке немесе «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының ресми аккаунтына #МенВакцинаСалдырдым хештегін көрсете отырып пост орналастыру қажет.


Кейін қарай