Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Сәуір, 2017

1025

«Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық көмек көрсетті

«Наурыз мерейі» облыстық қайырымдылық акциясы аясында, «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігі, Шахшаев Юсуп Абдурахманұлы, Маденова Раиса Иванқызы мен Мартын Сергей Богданұлының бастауымен, көпбалалы Смагулова Людмила Асылбекқызының отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл отбасында 7 бала тәрбиеленуде.

Осы отбасы үшін 25 кг - ұн, 10 кг - картоп, 10 кг.- жуа, макарон өнімдері, 5 л. – күнбағыс майы, 6 айлық сәбиге арналған сүт пен памперстер, тәттілер мен аяқ киімдер алынып, берілді.

«Үстіміздегі жылдың 28 наурызынан бастап бұл акцияға белсенді қатысып келеміз. Барлық отбасына мықты денсаулық, жанұялық мейірім мен бақыт тілейміз» - деді Ю. Шахшаев, «Халық келісімі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Кейін қарай