28 Шілде, 2022
90
Халық үніне құлақ асатын мемлекет
Атырау облысының Құрманғазы ауданында өңірлік ҚХА ұйымдастыруымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы практикалық семинар өтті.
Шараға азаматтық қоғам өкілдері ғана емес, сондай – ақ өңірлік Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің мүшелері, медиаторлар, жергілікті атқарушы органның қызметкерлері, сот және құқық қорғау органдары, өзге ұлт өкілдері қатысты.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Осы орайда, семинарда билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстар, халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі тәсілдері талқыланды.
Сонымен қатар, қоғамдық медиаторларды сайлаудың жаңа ережелері, кәсіби келіссөз жүргізушілер институтын қалыптастыру, құрылатын республикалық этномедиация оқу орталығының базасында аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді даярлау мәселелері түсіндірілді. Семинарға қатысушылар «Ашық есік күні» республикалық акциясын өткізу тұжырымдамасымен танысты.
Практикалық семинар соңында облыстық ҚХА қоғамдық құрылымдарының белсенділеріне Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар «Мәдениетті ана – мәдениетті ел» тұжырымдамасына арналған театрландырылған қойылымды тамашалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Тоқу күніне арналған жыл сайынғы " Волшебный клубок " облыстық фестивалі
-
«Ұлттық домбыра күніне» арналған «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» атты мерекелік іс-шара өтті
-
Республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен астана күніне арналған «Ел тірегі – Елорда» атты үстел теннисі бойынша турнир өтті
-
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы күніне арналған дөңгелек үстел өтті
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҚХА СЕССИЯСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні