07 Қараша, 2019
3521
Халықтар достығы мәңгілік!
Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Қоғамдық келісім» КММ-ның және «Славяне» Ақтөбе аймақтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен «Мәңгілік біргеміз» фестивалі өтті.
Аталмыш шараға Ресей Федерациясының Орал қаласындағы вице-консулы В.Волков ат арытып келген болатын. Оған сондай-ақ, аймақтағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Фестивальдің ашылуында облыстық ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева құттықтау сөз сөйлеп, елдер достығының үлгісін танытып, шараға арнайы келген вице-консул В.Волковқа алғыс білдірді.
Мұнда аймақты мекен еткен әрбір халықтың ұлттық өнері дәріптелді. Мәселен, тау халықтарының рухты жігіттері лезгин биін билеп, кәрістердің «ханбок» киген қыздары сахнаның салтанатына сән қосты. Ал орыс ұлттық музыкалық аспабы - балалайкада ойнаған өнерпаздар мен украин тілінде әсем ән шырқаған хор ұжымы мерекенің көркін қыздырды. «Купава» фолк-модерн тобы «Саржайлау», «Отан-Ана» әндерін әуелетті. Сондай-ақ, «Славяне» этномәдени бірлестігінің жанындағы «Коляда» фольклорлық ансамблі, «Радуга престиж» халықтық би ансамблі, «Русская песня» халықтық хоры, «Купава» фолк-модерн халықтық тобы, «Ладушки» үлгілі вокалдық-хореографиялық ансамблі, «Сударушки» вокалдық тобы, «Алые паруса» үлгілі театр ұжымы, «Кристалл» жексенбілік мектебі де мерекелік шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысты. «Оксана» украин халықтық хоры, «Барвинок» үлгілі балалар фольклорлы би ансамблі, «Возрождение» неміс халықтық хоры, болгарлардың «Вяра» шығармашылық ұжымы, «Дэш» сыған ансамблі, «Чхинсон» корей халықтық би ансамблі, «Сердце Кавказа» би ансамбльдері де өнер көрсетті.
«Мәңгілік біргеміз» деп ән шырқап, ұлттар арасындағы татулықтың мызғымас алтын көпірін танытқан фестиваль соңында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н.Ағниязов мерекелік шараға белсене қатысқан шығармашылық ұжымдарды марапаттады.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады