Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қыркүйек, 2015

933

«Халықтар достығы – майдан газеттерінің беттеріндегі жылнама» жобасының таныстырылымы

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» қоғамдық қоры Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  Алматы қаласындағы Достық үйінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте сағат 16.00-де Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының қаһармандары туралы «Халықтар достығы – майдан газеттерінің беттеріндегі жылнама» жобасының (бұдан әрі – Жоба) қоғамдық таныстырылымын өткізді. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» қоғамдық қоры Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен  Алматы қаласындағы Достық үйінде 2015 жылғы 9 қыркүйекте сағат 16.00-де Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының қаһармандары туралы «Халықтар достығы – майдан газеттерінің беттеріндегі жылнама» жобасының (бұдан әрі – Жоба) қоғамдық таныстырылымын өткізді. Қазақстандық қаһармандар туралы материалдарды ғалымдар іздестіру-зерттеу қызметтерінің нәтижесінде ҚР Ұлттық кітапханасының мұрағатынан тапқан. 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Любовь Ни, Алматы қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Қазбек Мансұров, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Ажар Юсупова, ҚР ҚХА «Жарасым» республикалық жастар бірлестігінің төрағасы Расул Ахметов қатысып, құттықтау сөздер сөйледі.

Таныстырылым барысында іздестіру-зерттеу тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Георгий Кан мен іздестіру тобының мүшесі, саяси ғылымдар докторы, профессор Жомарт Симтиков «Отан үшін», «За Родину», «Жауға аттан», «Отан қорғауда», «Казправда» сияқты майдан газеттерінің беттерінде жарияланған соғыс пен тыл қаһармандары туралы 500-ден астам материал  ҚР Ұлттық кітапханасының сирек материалдар қорынан табылғанын айтты. Бұл материалдарда соғыс жылдарында біздің отандастарымыздың жасаған ерліктері туралы жақсы баяндалады.     

Таныстырылған материалдар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, әсіресе соғыс ардагерлерін қатты толқытты. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясы мен барша шығармашылық топқа өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін маңызы аса зор осындай жобаны қолға алғандары үшін ризашылықтарын білдірді.  

ҰОС ардагері Лев Демьяненко: «Майдан газеттерінен алынған бұл материалдар көп ұлтты Қазақстанның соғыс жылдарындағы қаһармандық рөлін көрсетеді...» деп атап айтты.  

Таныстырылым модераторы, «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры» қоғамдық қорының директоры Алмагүл Сәлімбаева жоба бойынша жұмыстың жалғасатынын, келешекте іздестіру тобының жұмысына жастар мен еріктілер көбірек тартылатынын, іздестіру жұмысының барысында газет мақалаларында жарияланған кейіпкерлердің туыстары мен ұрпақтарын іздестіру жоспарланып отырғанын, сондай-ақ, қазіргі кезде жұмысқа ҚР Қорғаныс министрлігі белсене қатыса бастағанын айтып берді. 

Жоба қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады, оның авторлық тобын ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры, саяси ғылымдар докторы Наталья Калашникова басқаратын болады.

Материалдар жинағы майдан газеттерімен, ардагерлердің естеліктерімен және белгілі тарихшылардың түсініктерімен, сондай-ақ қазақстандықтардың жалпы ерлігі көрініс тапқан «Казахстанская правда» жалпыреспубликалық газетінің деректемелерімен безендірілетін болады. Ұлы Жеңіске негіз болып қаланған халықтар достығы тап осы мерзімді баспасөзде көрініс тапқан.   

Іс-шараға ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ҚХА мүшелері,   республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, мемлекеттік органдардың, ҚР Ұлттық кітапханасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында соғыс пен тыл ардагерлеріне, қатысушыларға гүл тапсырылып, түрлі сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетілді.  

Кейін қарай