Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қаңтар, 2023

251

Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара

2005 жылы 1 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы 60/7 қарарын қабылдап, 27 қаңтарды Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні ретінде бекітті.

Дәл осы күннің бекітілуіне себеп - 1945 жылдың 27 қаңтарында Освенцим концлагерінде (Польша) қамауда болғандар босатылды. Бұл құжатты қабылдауға әлемнің 90-нан астам мемлекеті бастамашы болды.


2023 жылы 27 қаңтарда Алматыда республикалық Достық үйінде Холокост құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Атаулы іс-шараны Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» қауымдастығы ұйымдастырды. Бірлескен ұйымдастырушылар - Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ, Еуро-Азия Еврей Конгресі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім»РММ.

Дәстүрлі еске алу шарасы барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің үндеуі жарияланды. «Холокост» ғылыми-ағарту орталығының ұсынуымен тарихи-деректі көрме өтті.

Қонақтар мен қатысушылар қатарында дипломатиялық миссиялардың өкілдері, республикалық, өңірлік, қалалық этномәдени бірлестіктері мен дәстүрлі конфессиялардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, ҚХА жас белсенділері бар.


Кейін қарай