Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Тамыз, 2015

1193

Кілем – ұлттық қазына және қонақжайлылықтың белгісі

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай атаумен Қостанайдың 136-жылдығына арналған кілемдер көрмесін ұйымдастырды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай атаумен Қостанайдың 136-жылдығына арналған кілемдер көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге қазақ қоғамдық бірлестігі, «Бирлик» әзербайжан ЭМБ, «Дуслык» татар-башқұрт ЭМБ, «Возрождение» неміс қоғамы, «Шарқ» тәжік ЭМБ қатысты. Сондай-ақ, биыл өзінің 100-жылдығын атап өтіп отырған облыстық тарихи-өлкетану музейі өзінің қорынан экспонаттар ұсынды. Көрмеге небәрі сегіз кілем қойылды. Ең көне қазақ кілемі 1916 жылы тоқылған екен. Осы жерде шеберлердің кілем тоқып отырғанын көруге болды. Әр экспонат алдында театралдық қойылым көрсетіліп, жүргізуші кілемдердің тарихы туралы айтып берді. Мысалға, «Бирлик» әзербайжан ЭМБ қой жүнінен тоқылған кілем ұсынды. – Бұл кілем менің атам, Ұлы Отан соғысының ардагері Рамазан Набиевке тиесілі, - дейді ЭМБ белсендісі Ренат Набиев. – Оны атамызға Жеңістің 5-жылдығына 1950 жылы 9 мамырда сыйлыққа берген екен. Бұл кілем отбасылық жәдігер болып келеді. Әзербайжанда кілем тоқу көнеден келе жатқан сәндік-қолданбалы өнер. Бакуда бірегей кілем музейі 1967 жылы ашылған болатын. Оралған кілем түрінде жобаланған жаңа ғимарат 2014 жылы салынды. Әр әзербайжан қызының жасауында кілем болуы керек.

Тәжіктер үшін де ерте заманнан қазіргі уақытқа дейін кілем үлкен маңызы бар. Тәжіктердің өз кілем астанасы – Қайрақұм қаласы бар.

- Біз үшін кілем – бұл отбасының рухы. Шебер кілем тоқығанда халықтың ғасырлық даналығын енгізеді: әр оюдың, мәнердің өз мағынасы бар, - деп әңгімеледі «Шарк» тәжік ЭМБ өкілі Асем Бухметова. Толқын – бұл су, тіршілік көзін білдіреді. Дөңгелектер – жер шары және әлемнің шексіздігі. Соның ішінде жұлдыз, күн, ай бар.

«Возрождение» неміс қоғамы Янцен отбасына тиесілі, зығырдан жасалған кілемшелер - өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы төсектұстарды көрмеге ұсынды.

- Ұлы Отан соғысы жылдары неміс отбасылары Поволжье жерінен Қазақстанға жер аударылған болатын. Адамдар бұл жерлерге бассауғалап, еш дүниесіз келген. Оларға жаңадан қоңыстану және үйлерінде жылылық, береке орнату керек болды. Осы төсек жапқыштар зығырдан жасалып майлы бояумен безендірілді. Қазір бұл жапқыштар көмірмен қыздырылатын үтіктер, қобдиша, «Зингер» тігін машинкалары секілді сирек кездесетін заттар қатарында және неміс музейінде сақтаулы тұр. Көрме қостанайлықтарға мол әсер, көптеген танымдық ақпарат сыйлады. Келушілер әр экспонаттың қасында фотосуреттерге түсіп, іс-шарадан кілемге қатысты  аңыздар мен тарихи деректерге қанығып қайтты.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Кейін қарай