
13 Ақпан, 2017
848
Кітапханадағы кездесу
Қостанайдағы Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының халықаралық кітап бөлімінде «Бирлик» әзербайжан қауымының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара 1997 жылғы 2-ші ақпаннан бері аталып келе жатқан Әзербайжан жастары күніне арналды. Облыс орталығының тұрғындары, өнерлі жастардың ұлттық билері мен әндерін тамашалап қана қоймай, Таран ауданынан келген өнерпаз, өз талпынысымен сазгер атанған Мәлік Ахундовпен танысты. Мәлік Алиевичте ерекше ұлттық музыкалық аспаптармен қоса, әр елде тұратын туыс-туғандары сыйлаған, сондай-ақ өз қиялы арқылы қолдан жасаған аспаптар жетерлік. Мысалы, еденде тұратын әсем құмырадан және шөгеннен дабылдың дыбысынан ерекшеленбейтін дабыл жасап шығарған.
Кітапханада ол бірден сыбызғыда, нагарада, сазда ойнап, ал оған немересі Мұса сүйемелдеп қосылып сырнайда ойнады. Кездесудің ең жас катысушысы Зека Залиев әзербайжан тілінде өлең окыды.
- Бес жыл бұрын осы күні біздің әзербайжан қауымы жанында жастар қанаты құрылды, -деді жастар қанатының басшысы Зульфия Набиева. - Осы жылдар ішінде біз облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ажырамас бір бөлігіне айналдық. Біздің қанатымыздың бастамасымен 2012 жылы Қазақстанның солтүстік аймағында Кавказ мәдениетінің 1-ші фестивалі өтті. Қазіргі кезде бұл іс-шараның Қазақстан және ресейлік Кавказ қауымының шығармашылық ұжымдарын жинайтын республикалық мәртебесі бар.
Былтырғы жылдың қараша айында хабар телеканалының журналистері «Шаңырақ» бағдарламасы үшін біздің этномадени бірлестік туралы 10 минуттық фильм түсірді. Осы жылдар ішінде біз әзербайжан халқының тұрмыс тіршілігін насихаттайтын көптеген қызықты іс-шаралар өткіздік. Біздің көптеген белсенділеріміз мемлекеттік тілді жетік меңгерген, оны түрлі олимпиада мен конкурстарға қатысып, көрсетіп жүр. Осы жылдың тамыз айында «Бирлик» қауымы облыстың әншілері арасында әзербайжан және совет халкының ұлы әртісі Мусилим Магомаевтың 75 жылдығына орай «Верни мне музыку» атты облыстық конкурс өткізуді жоспарлауда.
Осы этномәдени бірлестікпен бірге іс-шаралар өткізіп, кештерімізге жастар қанатының шығармашылық ұжымдарын шақырып, көп жылдан бері ынтымақтастықпен қызмет істеп келеміз, - деп жалғастырды бөлім меңгерушісі Валентина Феодорова. - Осы кездесуге біздің қорда сақталған әзербайжан этносына қатысты әдебиеттерді арнайы қолдана отырып, «Қостанай облысының этномәдени бірлестігі: әзербайжандықтар» көрмесін дайындадық.
Жалпы біз жергілікті Ассамблеямен тығыз байланыстамыз және мұндай этнокездесулер қалыпты жағдайға айналды. Біз оқырмандарымызды Достық үйінің қауымдарымен таныстырып қана қоймай, олардың жалпықазақстандық бірлік пен келісімді сақтау және нығайту мақсатында атқаратын қызметі жайында ақпарат береміз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
«TALK-LIKE» TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
«TALK-LIKE» TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ