
02 Маусым, 2023
459
КХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматыда өткен іс-шараларға қатысты
2023 жылғы 2 маусым күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйіне барды.
Салтанатты іс-шараға ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары мен мүшелері және Алматы қаласы Қазақстан Жазушылары кітапханасының өкілдері, «Кайдзен» жастар ұйымының белсенділері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Сапар аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызы туралы кітаптар мен фотоальбомдар көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Марат Әзілханов өз сөзінде «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігін, егемендігін күллі әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың бірден бір көрінісі. Сонымен қатар рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды символдар және тәуелсіздігіміздің басты құндылығы, бейбітшілік пен бірлікті, қоғамдық келісімнің айқын белгісі» - деп рәміздердің мән-маңызын атап өтті.
М.Әзілханов рәміздерді басты құндылығымыз ретінде қорғау, рәміздерге терең құрмет сезімін арттыру мен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар іс-шара аясында «Не? Қайда? Қашан?» викторинасы ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне қатысты сұрақтар қойылды.
Іс-шара соңында, М.Әзілханов ұпай саны бойынша озып, жеңімпаз атанған «Ассамблея жастары» РҚБ командасына арнайы сыйлықтар табыс етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды