
19 Ақпан, 2016
3322
Клуб «Достық» деп аталды
Этносаралық тақырып бойынша бірігіп жұмыс істеуді үйлестіру мақсатында үстіміздегі жылдың 18-ақпанында Тараз қаласында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынан журналистер клубын құру мақсатында облыстық, аудандық газеттерден келген 18 тілшінің қатысуымен құрылтай жиналысы болып өтті. Этносаралық тақырыпты терең қамтуды көздейтін ұйым құруға арналған жиынды «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз бөлімі ұйымдастырды.
Кездесуді журналистер клубын ұйымдастыру бастамашыларының бірі, «Магнолия» апталық газетінің тілшісі, баспасөз қызметінің қоғамдық негізде кеңесшісі, 2015 жылғы этножурналистика саласы бойынша «Шаңырақ» республикалық ҚХА байқауы жүлдесінің иегері М.Бунин ашты. Ол өз сөзінде, құрылғалы отырған бірлестік формалді емес, шығармашылық негізге бағытталатынына тоқталды. Бұл басқосуда алған тәжірибелер күрделі тақырыптық мәселелерді өздерінің, болмаса басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауда кәсіби шеберліктерін ашуға үлкен көмегін тигізеді. Сондай-ақ, азаматтық бірлік мәселелерін ашып көрсетуде кәсіби шеберлікті көтеруге, журналистер этикасын және Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер жұмысы жайлы мәселелерді жарыққа шығаруда журналистік қауымдастықтың жауапкершілігін арттырады.
Барлық қатысушылар осы мәселеге бірауыздан келісті.
Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім»КММ басшысы Р.Убайдуллаева жиынға қатысқан журналистер алдында «ҚХА-ның 2025- жылға дейінгі даму» бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үлкен ел-үлкен отбасы» мега-жобасы іс-шараларының облыстық ҚХА орындауы тиіс мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар Р.Убайдуллаева жиналғандарға бүгінгі басқосуда алған әсерлерінен қорытынды шығара отырып, жақсы ұсыныстар күтетінін айтты. Осы бағытта қатысушыларға мол мүмкіншіліктер жасалатынына және соған орай этномәдени бірлестіктер жұмыстары жайлы қызықты материалдар жолдау қажеттігін еске салды.
Жиналғандар алдында Жамбыл облысындағы этносаралық қатынастардың қазіргі кездегі жағдайы, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту және дамыту бағдарламасы жайлы нақты мысалдар келтіре отырып, педагогика ғылымдарының магистрі, «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми- сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы А.Тапаева баяндады. Қызу пікір алысуға Жуалы аудандық «Новая жизнь» газетінің тілшісі Г.Дембаева, Сарысу ауданы «Сарысу» газетінің тілшісі Ж.Жетенова, «Қазақстан-Тараз» телеарнасының журналисті М.Көпбосынова және басқа да тілшілер қатысып, өз пікірлерін білдірді. Облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі В.Мазур өз әріптестеріне ҚХА сайтына және облыстық газеттерге ассамблея жайлы материалдарды шығару үшін тартымды, қызықты материалдар жіберуін сұрады. Оны жақын арада өтетін Алғыс айту күніне орай тездетіп бастауға болатынына назар аударды. Ол сонымен қатар аймақтық ассамблеяның өзін-өзі ақтау негізінде жеке баспасын ашу жайлы пікір айтты. Журналистерге дайындалған материалдар таратылды, байланыс телефондары берілді және «Достық» деп аталған клубта тоқсанына бір рет шығармашылық кездесу өткізуді белгіледі.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстан киберспорт федерациясының вице-президенті Е.Черваковпен, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Г.Шиповских және А.Сатвалдиевпен кездесті