22 Сәуір, 2016
1053
Колледж студенттерімен кездесу
2016 жылғы 21 сәуір күні Ақтөбе политехникалық колледжінің мәжіліс залында «Ел бірлігі – өркениеттіліктің қадамы» тақырыбында Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың құрамындағы ғалым-оқытушылардың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты жастарға «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының басты құндылықтарының мақсаты мен міндеттерін түсіндіру болып табылады.
Іс-шара модераторы Ақтөбе политехникалық колледжі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары С.И.Жанпейісов жиынды ашуға арналған сөзді Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісі Ж.Нұршинге берді.
Тақырып бойынша Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті Мәмбетов Үбәйдулла Есенұлы «Бес институционалды реформаның ел бірлігін қамтамасыз етудегі қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында, Қ.Жұбанов атындағы университеттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының кандидаты Нұрғалиев Нұрбек Әбиболлаұлы «Ассамблея народа Казахстана – как основа социализации молодежи» тақырыбында баяндама жасады. Қ.Жұбанов атындағы университеттің саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Сәрсембин Ү.Қ., кафедра оқытушысы, саясаттану магистрі Мұхитов О. сөз сөйлейді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, колледж оқытушылары мен студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
«TALK-LIKE» TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ