Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2017

953

Конституциялық реформа - тарихи сәт!

Қазақ елі үшін 2017 жылдың 10 наурызы -  атаулы да, тарихи маңызы бар күн. Дәл осы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Заңға өзгерістер енгізу жайында  Парламенттің екінші оқылымынан кейін және Конституциялық Кеңестің қолдауымен ресми түрде Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізуіне  қол қойды.  

Сонымен қатар,  атаулы күнде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Елбасы үндеуіндегі конституциялық реформаны  талқылау қорытындыларын шығаруға арналған республикалық бірыңғай күні өтті. Еліміздің басым көпшілігі, Негізгі заңдағы ұсынылып отырған түзетулерді тұтас ұжымдар бір ай ішінде  түбегейлі мұқият, әрі жауапкершілікпен қарап шықты. Әрине, бұл тұрғыда жамбылдықтар да шет қалмады.

«Достық үйі» ғимаратының конференц залында өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің шақыртуымен облыс ассамблеясы құрылымдарының төрағалары мен мүшелері, облыстық ардагерлер, қоғамдық кеңестердің, ақпараттық топтардың мүшелері, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері жиналды. Шын мәнінде,  тарихи оқиғаның куәгері болған әрбір қатысушы қазақстандықты облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Маржан Қожаева құттықтап, жиналыстың модераторы болды. Негізгі баяндамасымен Жамбыл облысы ҚХА жанындағы ғылыми сараптамалық топ мүшесі, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ "Халықаралық және конституциялық құқық" кафедрасының аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов сөз сөйледі.

Баяндамашы Конституцияға енгізілген 19 баптағы 26 түзетулерге тоқталып, соның «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сәтті жүзеге асыру мақсатындағы Президент өз  өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке бөліп беруі жайына ерекше тоқталып өтті.  Нәтижесінде елде күшті парламент және есеп беретін, жауапты үкіметті қалыптасады.  Кейбір азаматтар ойлағандай түзетулер еліміздегі Елбасының қызметі мен  рөлін әлсіретеді деген қауіп жоққа шығарылды, себебі Президенттік басқару формасы сол қалпында қалды. 

Сонымен қатар,  облыстық мәслихат депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі А.Нұржанов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының  төрағасы Қ.Төлендиев, облыстық ардагерлер кеңесінің хатшысы Ж.Миллионов та Мемлекет басшысының үндеуіндегі конституциялық рефоманы қолдап және қорытындылауда баяндама оқыды.  

Кейін қарай