Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Шілде, 2023

297

Ұлттық құрылтай мен саяси реформаларды түсіндіру жөніндегі республикалық әдістемелік орталық мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті

2023 жылғы 13 шілдеде Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында өткен екінші отырысының қорытындысына арналған Ұлттық құрылтай мен Саяси реформаларды түсіндіру жөніндегі республикалық әдістемелік орталық мүшелерінің этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуі өтті.


Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Жомарт Симтиков, Ұлттық құрылтай мүшелері Шаймардан Нурумов және Ислам Байрамуков, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің жетекшісі Назар Балғымбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.


Кездесу барысында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысының қорытындылары мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар талқыланды.


Сонымен қатар қатысушылар елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу қажеттігін айтып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруда барынша атсалысуға шақырды.

Аталған іс-шара Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі және «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ бірлесіп ұйымдастырылды.

Кейін қарай