06 Қараша, 2017
828
Корейлердің Қазақстанда тұрғанына 80 жыл толды
1937 жылы кәрістер Қазақстанға жаппай қоныс аударылған алғашқы этникалық диаспоралардың бірі болды.
1990 жылдың 3 маусымында Қазақстан корей диаспорасының мәдени мұрасын сақтауға үлесін қосқан Қазақстан корейлері қауымдастығы құрылды.
2017 жылы кәрістердің Қазақстанға қоныс аударғандарына 80 жыл толуын Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен іс-шара ұйымдастырылды.
Облыс әкімі атынан Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Барбосынов Нұрбақыт Құсайынұлы құттықтау сөзімен жиынды ашты. «Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған 1,5 млн этностардың құрамында корей диаспорасы да болды. Олардың 1165-і қазіргі Хромтау және Әйтеке би аудандарының аумағына жер аударылды. Төзімділік пен бірліктің арқасында сіздер қиын кезеңдерді қазақ халқымен бірге жеңе алдыңыздар. Бүгінгі таңда корей этносы аймақтың ажырамас бөлігі болып табылады, оның өкілдері Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және ғылыми салаларына баға жетпес үлес қосуда» - деді ол өз сөзінде.
Сол ауыр және қайғылы оқиғалардың куәгерлеріне, ардагерлерге құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтармен марапаттаудан бастаған Қазақстандағы кәрістер қауымдастығы Ақтөбе филиалының төрағасы Цхай Константин Валентинович сөзін: «Қазақ халқы сол жылдардағы барлық қиындықтарға қарамастан, көптеген қоныс аударушыларға қамқорлық көрсетіп, ерлік жасады. Қазақтардың ұлылығын және қайырымдылығын өз отанын қазақ жерінен тапқан барлық халықтар мойындады» - деген алғыспен жалғастырды.
Арнайы Ақтөбе корей диаспорасын құттықтауға жерлесіміз, 90-жылдары біздің корейлер ансамблінде шығармашылық мансабын бастаған, Корей мемлекеттік академиялық театрының солисі, халықаралық жарыстардың лауреаты Ангелина Югай келді.
Қазақстанға қоныстануының 80 жылдығына орай кәріс қауымдастығы мерекелік концерт ұйымдастырды.
Дата события ассамблеи: 06.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Килиманджаро» шыңы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бағындырылды