27 Қыркүйек, 2017
822
Латын әліпбиіне көшу – мемлекет дамуындағы тарихи кезең
Тіл – ұлттың зор байлығы және ажырамас белгісі. Тілдің дамуы, оның қоғамдық функцияларының кеңеюі ұлттық мәдениеттің гүлденуімен және адамдардың тұрақты қауым болып тарихи қалыптасуы ретінде ұлттың болашағымен байланысты екені сөзсіз.
Бүгін Достық үйінде жұртшылықты толғандыратын мәселелердің бірі – мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесі талқыланды. Айтқандай, 28 жыл бұрын, тап осы күні «Қазақ КСР тілдер туралы» Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданған болатын.
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе бірінші рет қозғалып отырған жоқ, дәлірек айтқанда 1996 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының үшінші сессиясында сөйлегенде осы идеяны атап өткен болатын: «... Ұсынылып отырған латын әліпбиіне көшу басқа этностар өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне неғұрлым тиімді мүмкіндік береді, әлемдік ақпараттық кеңістікте Қазақстанның технологиялық әлеуетін бейімдеуге жағдай туғызады».
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында 2025 жылға еліміздің кириллицадан латынға көшуі ресми жарияланды.
Қазақстан – өзін сенімді серіктес ретінде танытқан ел, біздің мемлекетімізде ЭКСПО-2017, Азия ойындары, Қысқы универсиада-2017 сынды маңызды іс-шаралар өткізілді. Бұл шетелдіктердің біздің елімізге деген қызығушылығын едәуір арттырды. Басқа елдер өкілдерінің латын әліпбиін жеңіл қабылдайтыны сөзсіз. Сондықтан жаңа әліпбиге көшу орынды деп есептеуге болады.
Атап өтсек, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін қазір Түркиядағы қазақ диаспорасы қолданады. Суррогат латын жазуын Германиядағы, АҚШ және басқа Еуропа елдеріндегі қазақтар пайдаланады. Осы тәжірибеге сүйенсек, латын әліпбиіне көшу аса қиындықсыз болады деп болжануда.
Кездесуге ЭМБ, саяси партиялардың өкілдері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары шақырылды. Отырыстың модераторы, СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов жаңа реформаны қолдап отыр: «Мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиі жас ұлтты біріктірудің мықты құралы болмақ. Азаматтардың көзқарасына сүйенетін Мемлекет басшысының шешімін қолдап, тілдік белгі бойынша бөлінуді болдырмауымыз қажет».
Профессор, филология ғылымдарының кандидаты Зинаида Петровна Табакованың айтуынша, латын жазуына көшу орыс тілділердің жағдайына әсер етпейді. Мұнымен экономика ғылымдарының докторы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі филиалының төрағасы Кендюх Иван Гаврилович те келіседі.
Сонымен бірге аталған мәселе бойынша СҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де сөз сөйледі. Іс-шараның қорытындысы бойынша қарар жарияланып, қабылданды. Онда мынадай жолдар бар:
Біз, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамлеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдаймыз және қоғамдық сананы жаңғыртудың барлық бағыттарын жақтаймыз. Заманауи әлем қазақстандық қоғамдастықтағы жаһандану үдерістерін кіріктіруді талап ететін сапалы өзгерістерді біз жауапкершілікпен түсінеміз.
Дата события ассамблеи: 27.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 09:54
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет
4 Қыркүйек, 18:25
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
3 Қыркүйек, 17:51
ҚХА Хатшылығында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті
5 Қыркүйек, 21:43
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
3 Қыркүйек, 19:54
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысымен кездесуі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
-
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституция күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы