01 Қараша, 2016
2291
Әлеуметтік және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудің заманауи құралдары: өзекті мәселелері және перспективасы
Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Әлеуметтік және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудің заманауи құралдары: өзекті мәселелері және перспективасы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Мүшелері, Қоғамдық келісім кеңесі, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, ғалымдар қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесімен ұлттық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін дамыту мен белсендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.
Дөңгелек үстел барысында баяндама жасағандар тек әлеуметтік және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудің заманауи құралдарын қолдануды талқылаумен шектелмей, Ассамблеяның ұлтаралық ынтымақтастық пен келісімді нығайтуды қолдаудағы рөлі мен оның Қазақстандағы ішкі саяси ахуалға тигізетін әсерін сөз етті.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы А. Башмаков өз сөзінде бірлік пен бірегейліктің маңыздылығына аса мән берді. Ол Ассамблеяның басты бағыттарын атап айтып, оның негізгі ғызметіне сипаттама берді. «21 жылдың ішінде біздің Ассамблея рухани мектептен рухани академияға айналды. Не себепті академия? Себебі, дәл осы қоғамдық-әлеуметтік институт бір-бірімізге деген рухани қарым-қатынастардың, яғни қазақ пен орыстың, қазақ пен өзбектің, белорус пен еврейдің ең жоғары қасиеттерін қалыптастастырды. Демек, елімізде тұрып жатқан 130 ұлт өкілдерінің басын біріктірді», - деді ол.
Сонымен қатар заманауи қоғамды тұтастырудағы ҚХА депутаттық тобының қызметі туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш. Хахазов: «Өткен жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеся ұлтаралық қарым-қатынастарды үйлестірудегі беделді қоғамдық институтқа айналды. Біз ҚХА депутаттары заң жобаларын талқылау бойынша жұмыс топтары мен комитет отырыстарына белсене қатысамыз»,- деді.
«Астана қаласы әкімдігінің тарихи мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары Н. Шиврина мәдениеттің қоғамдағы әлеуметтік және этносаралық тұрақтылыққа тигізер әсеріне тоқталды: «Мәдениет біздің жасап жатқан ісіміздің бәрінен көрініс табады. Мәдениеттің кез келген заты мен құбылысында адамзаттың тәжірибесі сақталған. Әр тарихи ғасыр, әр этнос өз мәдениетінің үлгісін жаратады».
Дөңгелек үстел нәтижесі бойынша елордалық ассамблеяның әкімшілік органдарына бірқатар нақты ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, ғылыми және шығармашылық интеллегенциясының көрнекті өкілдерімен, қоғамдық келісім және этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдерімен бірлескен кездесулерді ұйымдастыру, қазақстан жастарын тәрбиелеу мәселелері бойынша жыл сайынғы отырыстар өткізу, этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатының зерделеуіне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жас ғалымдарының жастарды тәрбиелеуге балайтын, рефераттарының, зерттеулерінің тақырыптарын енгізу ұсынылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті