Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Сәуір, 2021

84

Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден

Қарағанды Достық үйінің "Мәміле" клубында ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ауыр атлетикадан бірнеше дүркін чемпион Любовь Ковальчукпен кездесу өтті. Жас ауыратлетшімен кездесуге облыстық ҚХА "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының өкілдері келді.


Любовь Ковальчук Жаңаарқа ауданының тумасы, қазақ тілін жетік меңгерген. Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, чемпион "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жеңімпазы Иван Снегуровтың шәкірті. Ол - талай жарыстардан жүлделі орындар алып жүрген, келешегіне үлкен үміт артып отырған спортшы. Жас бола тұра ерекше спорт түрінде осындай жетістіктерге қалай қол жеткізуге болады деген сұраққа: "Ең бастысы-мақсат қою және кедергілерді жеңу. Ерте жату, ерте тұру, уақытында тамақтану және уақытында ұйықтау" деп жауап берді. Жас чемпион өзінің мансабында екі маңызды оқиғаны еске алады: 14 жасында жарыстан 1-ші орын иеленуі және ауыр атлетикадан Халықаралық Дәрежедегі шебер атағын алуы. Оны көптеген спорт түрлері қызықтырды - баскетбол, дзюдо, бокс – спорттың әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар деп санайды.

Любовь Ковальчук ауыр атлетика туралы әрине, армандаған жоқ. Бірақ мұның бәрі әкесінің оны осы спортқа алып келіп, оған қолдау көрсетіп, сенім білдіргенінен басталған. Сол сенімнің арқасында Любовь бүгінгі күні жеңіске, атаққа ие болды, сондай-ақ, еліміздің атын әлемге танытуда. Чемпион кездесуді Әлихан Бөкейхановтың "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" дегент қанатты сөздерімен аяқтады.

Кейін қарай