20 Қыркүйек, 2015
1572
Ұлттық киімде – халықтың тарихы! 20 қыркүйекте «Ұлы Дала Елі» экспедициясы Қостанайға келді.
Бүгін экспедицияға қатысушылар туған ел тарихының қаншалықты әр алуан және қызықты екендігіне көз жеткізді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде этностық комтюмдердің бірегей топтамасы жинақталыпты, олардың көбі осыдан 100 жылдан астам бұрын киілген екен.
Бүгін экспедицияға қатысушылар туған ел тарихының қаншалықты әр алуан және қызықты екендігіне көз жеткізді. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде этностық комтюмдердің бірегей топтамасы жинақталыпты, олардың көбі осыдан 100 жылдан астам бұрын киілген екен.
Экспозицияда қазақ, орыс, украин, белорус, мордва, чуваш, марий, татар, тіпті хакас киімдері бар. Олардың барлығы 19-ғасырдың соңы, 20-ғасырдың басы және ортасында тігілген.
- Қостанай өңіріне алғашқы қоныс аударушылар Поволжьеден – чуваштар, марийлар және мордвалар, содан кейін Столыпин реформасынан кейін күн көру үшін орыс және украйн шаруалары көшіп келген, - деп әңгімеледі облыстық тарихи-өлкетану музейінің әдіскері Евдокия Суряднова. – Бұл этностардың киімдерін этнографиялық экспедициялар жинаған. Музейге кеңес заманында да, қазіргі кезде де халықтан тарихи құндылығы бар көне бұйымдарды, тұрмысқа қолданылған заттарды сатып алу үшін қаражат бөлінеді. Мысалы, 19-ғасырдың аяғындағы орыс киімін біздің қызметкерлер 1991 жылы Курск облысынан алып келді.
Экспозицияға қойылған костюмдер негізінен мерекелерде, ғұрыптар орындалу кезінде киілетін киімдер. Оларды ерекше мерекелер кезінде жылына бірнеше рет киіп, содан кейін тазалап, сандыққа салып қоятын болған. Сондықтан да олар біздің күнімізге дейін жақсы сақталған. Марийліктердің үйлену тойда киетін киімі көз тартады. Ол біз ойлағандай ақ түсті емес, түрлі кестелермен, тиындармен, моншақтармен безендірілген. Украин костюмында гүлдер кестеленген, ал белорус костюмінде керісінше гүл кесте аз, негізінен геометриялық оюлар салынған.
Мордвалық әйелдер костюмінде мықынға орайтын белбеу (пулагай) көзге түседі, оның салмағы 6 килограмға дейін жетеді екен. Ол ірілі-ұсақ моншақтармен, монеттермен, түймелермен, ұлутастармен, түрлі металдан жасалған тізбе-баулармен безендірілген. Белбеу құдалыққа келгендердің көруі үшін қызмет еткен, күнделікті өмірде оны тақпаған.
Татарлардың бағзы замандардағы бас киімі қалфақ деп аталған, оны кезінде музейге «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Закия Мухсинова сыйлаған, - деп жалғастырды Евдокия Андреевна. – Қалфақ өзен маржандарымен безендірілген. Оның қасында тұрған - башқұрт әйелі киетін кеудеше. Мұндай кеудеше көптеген ұлттарда бар, ол да түрлі тоқыма жіптермен, күміс тиындармен, бағалы тастармен безендіріліп, алтын жіптермен кестеленген. Салмағы екі килограмға дейін жететін болған. Мына кеудешеде патшалық Ресейдің екі басты құсы бейнеленген монеталары тігіліпті. Тағы бір ерекше көркем костюмді 90-шы жылдардың аяғында Қостанай ауданы Затобол қаласында тұратын хакастықтардың отбасы сыйға тартты.
Мына жерде жылтыр пластиналармен, түрлі-түсті ұсақ моншақтармен безендірілген басқаша кеудеше тұр. Бізде 1929 жылы малы мен дүниесі тәркіленіп, қуғын-сүргінге түскен, осы Қарабалық ауданында өмір сүрген Алдияров есімді байдың «айырқалпақ» бас киімі, қарындасы киген көйлек пен қамзол бар, оны бізге НКВД қызметкерлері тапсырды.
Қостанайдағы ұлттық киімдер коллекциясы Қазақстанның бірнеше облыстық музейлерінде көрсетіліп, ылғи да жұрттың назарын аударып келеді. Олар қашан да халықтың да, көне заман ескерткіштері мамандарының да қызығушылығын оятады.
- Әрбір өңірдің киімінде өзіне тән бояу мен ерекшеліктер бар. Әрине, бұрын табиғи маталар пайдаланылған, киімдер көбінесе зығырдан, кенептен тігілетін болған.
Шеберлер түрлі шөптер, жапырақтар теріп, оларды суға салып, жіпке белгілі бір түс берген, - дейді Евдокия Суряднова. – Бәрі де қолдан тігілетін болған, сондықтан да заттар ұзақ сақталып, құндылығын жоймай отыр. Костюмге, оның элементтеріне қарап, халықтың тарихын, ал біздің коллекциямызға қарап, биылғы жылы 136 жыл толып отырған Қостанай қаласының тарихын білуге болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті