Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Маусым, 2020

3341

«Ұлы ақын ұрпаққа ар ілімін аманат етті»!

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты стратегиялық мән-мағынасы айрықша мақаласында: «Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді» деп жазды. Ол қоғамда жаңаша көзқарас, жаңаша пайым, асыл қасиеттерге толы болды.


Ұлы ақынның 175 жылдық тойы елордадан бастау алып, барлық облыстарда кеңінен қолдау тауып отыр. Қазір оның шекарасы кеңіп, әлемнің көптеген елдерінде аталып өтуде. Бұл той алдымен қазақтың бағы болумен бірге, Абай өнегесіне адал болуды әрқайсымызға жүктеп отырғаны анық. Бұл істе ең алдымен Абай айтқан, Мемлекет басшысының бағдар мақаласында көрсетілген – бес асылды танып қана қоймай, оны мүлтіксіз орындау міндеті тұр.

175 жылдық мерейтойды атап өтуге байлайысты айтар ой, ұсыныстар да орасаң көп болып жатқанын көріп отырмыз. Абай шығармашылығын талдау, оны халыққа таныту, тарату жөнінде бүгінде қыруар іс тын- дырылып жатқанын мойындасақ та, ақын өмірін ғылыми тұрғыдан, мұрағаттық деректер негізінде зерттеуді жетілдіре, жалғастыра беру әрқашанда күн тәртібінен түспейтін борыш деп ұғуымыз абзал.

Абай ақындығы қазақ әдебиеті белесінен асып, жалпы түркі әдебиеті шыңынан бой көрсете, әлемдік дәрежеге көтерілуін көрсеткендей. Абай жазу-сызуы мен ғылымы орныққан мәдени қоғамдардағы сан алуан әдеби ағымдардың тартысынсыз-ақ, теориялық біліммен қаруланған білімпаздардың сын-пікір, ақыл-кеңесін естімей-ақ, ұлттық мәдениеттің өлмес дәстүрін қалыптастырып, өшпес үлгісін жасады.

Адамшылық, кісілік деген ұғымдарға қатысты қазіргі XXI ғасырдың жастары нендей ғибратты істер атқаруы тиіс?

Міне, осы тұста Президенттің биылғы жылды «Волонтерлар» жылы дегені – тамаша идеяның ішкі мәнін ашып берді. Себебі жастардың ерікті түрде жасы кел- ген немесе іс-әрекеті шектеулі көп балалы отбасы және басқа да әлеуметтік жағынан көмекке зәру жандарға көмек қолын созуы – имандылықтың жарқын көрінісі болып отыр. Өйткені иман бар жерде – мейірім де, қайырым да, қанағат та бар. Ал имандылық, адамшылық, кісілік деген ұғымдар Абай шығармаларында тұнып тұр.

Осы мәселелерді Қазақстан Президенті бүкіл халыққа жария етіп, Абай тойы кез-келгенімізді ойландыратын жалпыхалықтық іс болса деген ниеттен туындағанын байқатады. Бұл жерде арнайы ескертіп айтататын сөз –мақаладағы басты ойлар Мемлекет басшысының атынан айтылғаны өте нанымды. Президенттің сөзі қоғамға бағдарлама қызметін атқаратын хаттамалық шара. Сондықтан Абай жылын тойлаудың басы Президенттің мақаласымен ашылғанына дән ризамыз!

Бүгінде, уақыт өткен сайын абайтанудың өрісі кеңейіп, әдіс-тәсілдері мен технологиясы жетілдіріліп отырылуы тиіс. Біз оған жаңа ғасырда тың көзқарас тұрғысынан келгеніміз жөн. Осы орайда, Президент мақаласында айтылған бағдарламалық ойларды нақтылай түсуге болады. Мәселен, мақаладағы «білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек» деген ойына сәйкес, бұдан былай барлық оқу орындарында Ұлы ақын оқуларын тұрақты оқытуды қолға алған жөн дер едім.

Ұлттық-мәдени факторлармен өзектелетін қоғамдық танымның қажеттілігі халықтық дәстүрді, ұлттық тіл мен ділді зерттеу, оның табиғатын сұрыптау, яғни адамның бар болмыс-табиғ атын түсіну-түсіндіру үдерістерінің шешілу мүмкіндігімен сараланады.

Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің алғашкы күндерінен бастап, күні бүгінге дейінгі қызметі қазақ мемлекеттігін нығайтуға бағытталған. Шетелде оны қазіргі заманғы Қазақстанның негізін қалаушы және ұлт атасы ретінде қабылдайды...», - деп Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев тұжырымдағандай, бүгінгі күні мемлекетіміздің дипломатиялық қарым-қатынасының маңызды өзегін, елші келбетін айқындар ұлттық құндылықтар құрайтынын естен шығармауымыз керек.

Ұрпақты тәрбиелейтін де, рухымызды асқақтататын да бағзыдан жеткен асыл қазыналарымыз.

Абай мұрасына бүгінгі буын зор сергектікпен, керек десеңіз, перзенттік махаббатпен қарауы керек. Ұлы ақынның 150 жылдык мерейтойы кезінде Абай – Шәкәрім кесенесінің мінберінен айтылған: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы» - деген қанатты сөз әрбір зиялы өскіннің санасында мәңгілікке сақталары хақ.

Адамдарды «халық» деген ұғымға біріктіретін негізгі күштердін бірі – тарих пен тарихи даму екені даусыз. Сондықтан белгілі бір кезеңдерді қамтитын, адамдарды бір арнаға тоғыстыратын дәуірлердің алтын өзегі жадыға жазылар, мәдени өркендеуімізден көрініс табар «халық» дейтін ұғымның мән-мағынасын ашар құндылықтардың сапасымен өлшенері хақ.

Жалпы, «Мәдениет» деген ұғым аясын адамзат өмірін өркендетіп, өрісін кеңейтер арнайы тәсілдер, қоғамның дамуын сипаттайтын тарихи көріністер, белгілі бір адам мен ортаның қалыптасуынан туындаған критерийлер, ұлттар мен этностардың тарихи дәуірлеуін айғақтар сипаттар, қоғамдық, этикалық нормалар жүйесі анықтайды.

Абай – ұрпаққа ар ілімін аманат еткен ірі тұлға. Ұлтты азып-тозудан сақтайтын имандылық жарығын молайтумен тең құбылыс. Демек, ұлы ақынның әрбір сөзі жанға қуат, дертке шипа болмақ. Оның әрбір ақыл тіні сан-салалы.

Ұлы ақын Шығыстан немесе шығыстық үлгідегі түркілік жазба әдеби дәс- түрден қашан да түрді емес, мазмұнды, тақырыптық-идеялық бағытты үлгі етіп алады. Бұл да болса, сыртқы ықпалдың аса қүшейген кезінде де, ауызша әдебиеттен бастау алатын тарихи тамырынан ажырамаған ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр сабақтастығы беріктігінің белгісі.

Адам өзін де, әрі қоршаған әлемді де, ең әуелі, осы тіл арқылы танып біледі. Адамның барлық қоғамдық-тарихи тәжірибесі де тіл негізінде санада жинақталып, бекітіліп, адамзатқа ортақ – ұлттық сипатқа ие болады.

Қазақ: “Өмір алды – береке, ырыс алды – тірлік”, дейді. Өкініштісі сол, баз біреулер бірлік қандай елде болады, қайтсе болады, білмейді. Олар ойлайды: бірлік дегеніміз – ат ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болуы дейді. Олай болса, байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, тілі басқалар да жалданып, бірлік қылады. Демек, бірлік малға сатылса, ант ұрғандықтың басы осы. Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Ағайын алмай бірлік қылса керек, сонда әркім несібесін құдайдан тілейді, әйтпесе, құдайдан тілемейді, шаруа бейнет іздемейді, бір-бірінен пәле іздейді. “Ырыс алды – тірлік” дейді, ол қандай тірлік? Тірлік дегеніміз жан кеудеден шықпағандық па? Жо-жоқ, мұндай тірлік итте де бар. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ол қандай тірлік?

Абайдың ынтымақты, бірлікті, бауырластықты ту етіп көтеруі. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деген ұлы ақын сөзінің астарында қаншама тереңдік жатыр. Мемлекет біртұтас болуы үшін қазақ әуелі өзі біртұтас болуы шарт. Бір идеяға ұйып, тұтас халық болып қалыптасуы қажет. Осыдан келіп Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» аталатын екінші ғаламдық идеясы шығады. Ол үшін адамға өз мүддесін адамзаттың мүддесімен бір деңгейде қоя білетіндей үлкен, биік парасат керек.

Ұлы ойшыл Абай атамыздың елге барынша танымал «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген өсиет сөзінің мәнісіне ой жүгіртсек, одан ұлт болып ұйысуда, халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік ауадай қажет екендігі айқын көрінеді. Ал еліміздің бірлік пен ынтымақты ту етіп, алға басуы үшін бірінші кезекте ел болып, өзімізге жүктелген міндетті абыроймен атқарғанымыз абзал.

Ұлтты сақтау, ұлттық құндылықтарды қорғау – басты мақсатымыз. Бұл – бүгінгі уақыттың алға тартып отырған қағидасы. Өйткені, тіл – ұлттың жаны, рухының үні, ең қымбат құндылықтарының алтын қоймасы.

Тіл – тарих қалыптастырар құндылық атаулының ұлысы. Тілді сақтау арқылы ғана біз ұлтты сақтай аламыз.Ұлы адамдар өмір сүрген, қызмет қылған жерлер киелі тұтылып, белгі қойылады. Бұл – әлемдік тәжірибеде орныққан салт.

Жалпы, түркі халқы тарихын тасқа басқан халық. Жазба ескерткіштердің тасқа басылған мәтіндерін зерттейтін ғылымды эпиграфика деп атайды. Эпиграфиялық ескерткіштер халықтың тарихи-рухани кешенінің ажырамас бөлігі.

Бүгінгі таңға дейін Ұлы Абайдың өз атымен аталатын даңғыл бойында ақынның 10-ға жуық қара сөздері үш тілде тасқа мөр болып басылған. Тасқа басылған жазуларда рухани-интеллектуалды көркемдік күш бар. Осы істі жарты жолда қалдырмай қала билігі оны одан әрі Бауыржан Момышұлы көшесіне дейін жалғастырылса жөн болар еді – деген тілегім!

Расул Ахметов,

Бүкіләлемдік «DATÜB» Ахысқа түріктері

Одағы төрағасының баспасөз-хатшысы


Кейін қарай