28 Қыркүйек, 2015
1798
Ұлы Абай сөздері
Осы жылы Абай Құнанбаевтың 170-жылдығы атап өтілуде. Оның шығармашылығы шын мәнінде қазақ халқы өмірінің, мәдениетінің және рухының бай энциклопедиясы. Сондықтан оның шығармашылығына арналған іс-шаралар Петропавлда және Солтүстік Қазақстан облысында ұдайы өтіп тұрады.

2015 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының конференц-залында Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған поэзия кеші болып өтті.
«Біздің кеш «Ұлы халықтың – ұлы ақыны» атауымен өтті, ал кешке қатысуға біз қаланың білім беру мекемелерінен Абай оқуларының қатысушылары мен жеңімпаздарын шақырдық. Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы этномәдени орталықтарының өкілдері Абайдың өздері сүйіп оқидын өлеңдерін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен бірге "Звонница" орыс және казак өлеңдерінің халықтық хоры, өнер колледжінің күйшілері, поэзия кешінің қонағы болды. Біз Абай шығармашылығын сүйетін жұртшылық үшін осы кешті қызықты және танымды етіп өткізуге тырыстық», - деді «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Мария Чернышова.
Қазақ ақынының қызықты өлеңдері тек қазақ тілінде ғана емес, орыс, ағылшын, белорус тілдерінде де оқылды, бұл дегеніміз өнердің ғасырлар бойы жасайды және ол шексіз деген тұжырымды дәлелдейді.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті Жанар Құлыбекова кеште сөйлеген сөзінде: «Абай өмір сүрген кез алшақтаған сайын, соғұрлым ол бізге жақын. Абай қазақ халқының қоғамдық ойының айнасы, өз халқының рухани байлығының тасымалдаушысы болды. Ол өз кезеңінде адамгершілік қасиеттер туралы ілімді дамытты, адамды рухани тұрғыдан жетілдірудің және олардың қазақ ұлттық өмір салтындағы ерекшеліктерінің гуманистік қағидаларын ұсынды. Қазақ жастарының білім алуына көп көңіл бөлді. Қазіргі кезде де осы қағидалар мен мәселелер біздер үшін де өзекті болып табылады. Сондықтан, біз оның даналығы мен тәжірибесіне жиі жүгінуіміз қажет», - деп түйіндеді.
Іс-шара соңында позия кешінің қатысушылары мен қонақтары үшін Абай Құнанбаевтың ұлы және сөнбес шығармашылығы туралы әңгіме жалғасқан фуршет ұйымдастырылды.
«Северный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі
Александра Шерстобитова
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-хатшысы
Мария Чернышова
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Ұлытау облысы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды