Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Қараша, 2023

199

"Ұлы дала мергені" атты жастар арасында садақ атудан турнир өтті

Бүгін 9 қараша да Достық үйінде "Ұлы дала мергені" атты жастар арасында садақ атудан Турнир және шеберлік сағаты өтті.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мен насихаттауға арналған іс-шара Атырау облысы "Ассамблея жастары" РҚБ мүшесі, Жастар мәслихаты депутаттығына үміткер

Бағытжанов Нұрхан Мұратұлының "Ұлттық құндылық -- тәрбие өзегі" атты сайлауалды бағдарламасының негізінде жүзеге асты. "BATU HAN zhebesi" облыстық дәстүрлі садақ ату Федерациясымен бірлесе ұйымдастырылған шеберлік сағатын жасөспірімдер арасында дәстүрлі садақ атудан ҚР Чемпионы Махмет Ернар Бауыржанұлы өткізді. Ол жастарға дәлдік пен шапшаңдықты қажет ететін мергендіктің қыр-сырын жеткізіп, қорамсаға оқ салу, жебе тарту шеберлігін көрсетті. Одан соң жастар Достық үйінің ауласында садақ атудан Турнирге қатысып, тартысты бәсекеде өзара бақ сынасты.

Сонымен, Атырау облысының жастары қатысқан "Ұлы дала мергені" атты Турнирде жүлделі орындар төмендегіше жіктелді.

Жүлделі ІІІ орынды Азидолла Ғибатоллаұлы, ІІ орынды Мелиса Өзкерим иеленсе, І орынды Асылжан Бағытжанов жеңіп алды.

Жүлдегерлер Диплом және естелік сыйлықтармен, қызықты өткен шеберлік сағатына қатысушылар Сертификатпен марапатталды

Кейін қарай