
14 Қыркүйек, 2023
720
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ-де Тілдер апталығы аясында «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті.
Жыл сайын мемлекеттік тілді меңгерген түрлі этнос өкілдерінің қатары оқушылар мен студент жастармен толығуда. Жиынға қатысушылар форум барысында мемлекеттік тілде сөз сөйлеп, өлеңдер оқыды.
Осы туралы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Айгүл Нұрмағанова өз сөзінде «...қазіргі уақытта қазақ тілін қолдану аясы кеңейіп, оны көптеген азаматтарымыз игеруде. Бұл біздің ұлттық болмысымыздың тағы бір жарқын көрінісі. Мемлекеттік тілді білу азаматтарымызға өздерін бір үлкен және біртұтас қазақ отбасының, шын мәнінде қазақ ұлтының мүшелері ретінде сезінуге мүмкіндік береді» - деді.
«Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин, «Қазақстанның әзірбайжандар қауымдастығы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Назим Шихалиев жастарға арнап мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйрену қажеттігі туралы айтты. Осы орайда, әрқайсысы ұлы Абайдың «бөтен тіл мен мәдениетті білу адамды осы халықпен тең құқықты етеді», «тіл үйрену-әлемге жаңа терезе ашу» деген нақыл сөздерін келтірді.
Залға жиналғандар Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж студенті Яна Крючек пен Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Эдгард Вицкенің Абай тілін үйреніп, өзі туралы қазақ тілінде баяндағанына қызу қолдау көрсетті. Одан кейін Эдгард Вицке, Роман Борисовский, Юрий Кочетыгов, Милана Скорик мемлекеттік тілді жетік менгергенін және домбырада ойнау шеберлігін көрсетіп көрермендер қошеметіне бөленді.
Форум соңында «Туған жердің дауысы» онлайн-фестивалінің, «Qazaqtime» облыстық байқауының жеңімпаздарына, сондай-ақ облыстық Достық үйі жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттау орталығының белсенді мүшелеріне "Қоғамдық келісім» КММ-нің Алғыс хаттары табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті