01 Шілде, 2020
1117
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» парақшалары жұмыс жасайды»
Қазақ тілін жетік білгендіктен, ашық-жарқын әңгімелесіп, еркін пікір алмасамыз, жарасымды қалжыңдасамыз. Кейде менен ауылдастарым әзілдеп әрі жақын тартып «сен осы найман емессің бе?» деп сұрап жатады. Ондайда «қазақпын» деп жол тауып кетуге тырысамын.Мен алтын бесігіміз ауылда тұрғандықтан, әр-түрлі сұрақтармен келген қандастарымыздың мәселесін ешбір қиындықсыз, ешбір аудармашысыз түсініп, бірден көмектесуге тырысамын.
Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ тілін білетін өзге өкілдеріне ерекше мүмкіндіктер жасау туралы ойы пандемия кезінде әрі-сәрі болып жүрген көңілімізге шұғылалы шуақ сыйлады. Біз қандай қызметте жүрсек те қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыруға ешқандай есепсіз, ақысыз, жариясыз, ешқандай жарнамасыз күш саламыз.
Осы мақсатта қазақ тілін қолдаушы этнос өкілдері тарапынан Instagram, фейсбук, телеграмм әлеуметтік желісінде тегін тіл үйрену үшін «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты парақшалардың қосылғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі ұлт өкілдері осы жобаны қолдайды деп ойлаймын. Бұл парақшаларда әрбір тілек білдіруші өз тілін үйрену тарихымен бейне үндеу жүктей алады. Тіл үйрену әдістемесі бойынша тікелей эфир ұйымдастыру жоспарымызда бар. Бір сөзбен айтқанда, қазақ тілді этнос өкілдерінің қатарын көбейтетін, бас қосатын, пікір алмасатын, дидарласатын, тіл мәселесін талқылайтын, ақпарат алмасатын, әлеуметтік сауалнамалар жүргізетін ортасы болмақ.
Владимир Чепель,
Алматы облысы Қапал ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші маманы
Ұқсас жаңалықтар
-
Жамбыл облысының этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жұмыс отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады