14 Маусым, 2018
967
Ұлытаудағы «Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» акциясы
«Ұлы Дала Елінің киелі мұралары» республикалық тарихи-экологиялық акцияның үшінші кезеңі Ұлытауда жалғасын тапты.
Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Байжантаев акцияның Асан қайғы құтқа балаған қасиетті бабалардың басы қосылған өңірден бастау алғаны зор мақтаныш екенін атап өтті.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің Жезқазған өңірі бойынша өкілі Амангелді Құрақбай басшылық атынан алғыс айтып, акцияда жастардың алар орны ерекше екенін тілге тиік етті: «Біз тазалықты санамыздан бастап, ойымызды, бойымызды тазалап алсақ, рухани жаңғыру сол болмақ. Сол себепті атадан балаға мирас болып қалған мәдениетті кешегі күннен қалған өркениеттің белгісіндей болатын ескерткіштерді қастерлеп, болашақ ұрпаққа жеткізуіміз керек».
Акцияға аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары, селолық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шабаз Смайлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Талғат Сейтжанов, ауданық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Жағпар Бабатаев, мекеме басшылары, жастар, мектеп оқушылары арнайы келіп қатысты.
Жастар аудандық мұражайды тамашалап, сыр тұнған тарихтан үлкен әсер алып қайтты. Аққайыңдарға толы «Ембұлақ» құдығы басында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Танымдық, тағылымы мол шара 18 маусым күні Қарағанды қаласындағы Достық үйінде жалғасын тауып, экспедиция 18-19 маусым күндері Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарын, 21-23 маусымда Шет, Ақтоғай аудандарын, 25-28 маусым Ұлытау ауданы мен Жезқазған, Сәтпаев қалаларын аралайды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
-
ҚР мемлекеттік наградаларымен және ҚХА қоғамдық наградаларымен марапатталған ҚХА мүшелерін құттықтаймыз!
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда