30 Қазан, 2015
801
«Мәдениаралық пікірлесуде жастардың белсенділігі»
Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде «Жастар еліміздің жай ғана келешегі емес, олар нағыз бетке ұстарларымыз» деген болатын. Сондықтан Елбасы жастарға үлкен сенім артады. Жастар әлеуметтік белсенді топтардың ішіндегі ең ұйымшыл орта екені белгілі және жаңа жобалардың қозғаушы күші. Осы бағытта 2015 жылдың 30 қазанында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасымен және «Нұр отан» - «Жас отан» жастар лигасының екіжақты кездесуі болды. Күн тәртібінде «Мәдениаралық пікірлесуде жастардың белсенділігі» тақырыбында мәселе қаралды. Адамдардың бір-біріне көмек қолын созуы, қарым-қатынас жасауында мәдениаралық пікірлесудің орны ерекше. Мәдениаралық пікірлесудегі ең негізгі мәселе адамдардың бір-бірімен түсінушілігі. Түсіністік - ол халықтардың бірлігі.

Үлкен екі мекеменің белсенділері келешекте қарым-қатынасты жолға қою мақсатында жиналып, өздерінің жасап отырған жұмыстарымен таныстыра отырып, бұрыннан келе жатқан ескі мәселелерді шешуде жаңа ойларды ортаға салды. Кездесу екі жақтың бір-бірімен дәстүрлі танысуынан басталды.
«Жас отан» жастар қанаты филиалының атқарушы хатшысы Болатбек Уалихан қаралып отырған мәселені бірден қолына алып, өзінің делегация мүшелері құрамын таныстырды. Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ этнос мәдениеті және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Дарья Бурмакина кездесуде сөз сөйлеп іс-шараның жеңіл пікір алмасу жағдайында өтуіне тоқталды.
«Жас отан» жастар қанаты филиалының студенттік бөлімдер басшылары өздерінің жұмыстары жайлы айтты. Бүгінгі күнге Жамбыл облысы «Жас отан» жастар қанаты белсенділерінің саны 14 000 жастардан тұрады, 2015 жылы жастардың белсенділігі арқасында «Жастар отанға» шеңберінде мемлекеттік және басқа да бағдарламалық жұмыстарға бағыт беру мақсатында тегін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде кеңес беру орталығы ашылды. Атап айтқанда «Даму», «Еңбекпен қамту 2020 картасы», «Қолжетімді тұрғын үй 2020», «Жастар кадрлық резерві», «Сәтті қадам», «Бір апта-бір кітап» және тағы да басқа көптеген жобалар. Жастар лигасы өз кезегінде осы жылдың басынан бері атқарылған іс-шараларды бейне камера арқылы көрсетті.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Ақ желкен» жастар лигасы этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаты белсенділері, өкілдерінің күшімен 2014 жылдың 10 желтоқсанында құрылған. Осы мерзімге дейін «Ақ желкен» жастар лигасы бірнеше қайырымдылық акциясын ұйымдастырды: ұлы жеңістің мерекесі қарсаңында «Жеңістеріңізге рахмет!», Қарағанды облысында тасқын судан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында «SOS» Қарағанды» акцияларын және басқа да шаралар ұйымдастырды. Қорытындысы бейне камера арқылы көрсетілді.
Сонымен қатар Бекболат Лолахаевтың «Жастар - Орталық Азияда: бейбітшілік пен дүниежүзілік құрылыс» тақырыбында жаңа жобаның тұсаукесерін халықаралық жастар форумына ұсынды. Кездесу қорытындысында екі жақтың жастар ұйымдары жаңа жобаның идеяларын ұсынып, келешекте бірігіп атқарылатын іс-шаралардың тақырыптарын ұсынды.
Тәжік этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасы, Жамбыл облысы ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының мүшесі Бекзот Мулладжанов өз сөзінде біздің болашақ балаларымыздың, немерелеріміздің келешегі тікелей бізге, жастарға байланысты деп кездесуді аяқтады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда «Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері жастардың басым жобаларын талқылады
-
Өткен тарих бүгінгі буынның болашағы
-
Өскемендегі Достық үйінде жастардың басын біріктіретін сұхбат алаңы құрылды
-
Қарағандыда жастардың үздік стартап-жобалары анықталды
-
Қарағандыда жастардың поэзия кеші өтті
-
Атырауда жастардың үздік стартап-жобасы байқауының жеңімпаздары анықталды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды