
04 Желтоқсан, 2017
768
«Мәдениет үндестігі – 2017»
2017 жылдың 1 желтоқсанында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мәдениет үндестігі - 2017» атты Халықаралық VI фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты - халықаралық достықты нығайту мен Қазақстан Республикасындағы әртүрлі этнос өкілдерінің мәдениетін сақтау және насихаттау.
Фестивальға Атырау облысынан «Святоч» славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облысынан «Масис» Армян этномәдени бірлестігі, Ресей Федерациясының Орынбор қаласы, Адамовски ауданынан «Жас гүлім» қазақ халықтық вокалдық ансамблі этномәдени бірлестіктері шақырылды және Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени орталықтары қатысты.
Бір шаңырақ астына шоғырланған 18 этномәдени бірлестік өкілдері қонақжайлылықтарын көрсетіп, ұлттық ерекшеліктері мен салт дәстүрлерін паш етті. Көрмеге қолөнер бұйымдары мен әр ұлттың тарихынан сыр шертетін туындылар қойылды. Бұл бірін-бірі жақын, терең тани түсудің тиімді әдісі.
Атырау облысынан «Святоч» славян этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раиса Биткова өз сөзінде: «Мұның барлығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы. Түрлі этнос өкілдері бір ананың баласындай. Қызығып қараймыз. Құшақтарын ашып бізді де қарсы алып жатыр. Мереке құтты болсын», – деді.
Іс-шара соңында қонақтар мен облыстық 18 этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары Ақтөбе обысы Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Фестиваль шеңберінде қонақтар үшін Ақтөбе қаласының көрікті орындарына экскурсия ұйымдастырылды.
Дата события ассамблеи: 04.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмола аналарының «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» форумы өтті
-
Елордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Алматы облысында Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» атты отырысы өтті
-
СҚО-да «Мәдениеттер диалогы» конкурсының нәтижесі шығарылды
-
Болгария мен Болгарка: 110 жылдық уақыт үндестігі
-
«Қайырымды жан - 2017» қайырымдылық акциясы
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмола аналарының «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» форумы өтті
-
Елордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Алматы облысында Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» атты отырысы өтті
-
СҚО-да «Мәдениеттер диалогы» конкурсының нәтижесі шығарылды
-
Болгария мен Болгарка: 110 жылдық уақыт үндестігі
-
«Қайырымды жан - 2017» қайырымдылық акциясы