Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Маусым, 2024

153

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ АЛМАТЫ Қ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЖАСТАР ТЕАТР ФОРУМЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматыда ТМД, Балтық және Грузия елдерінің V Жастар театр форумы өтті.

Аталған форум театр саласына қатысты мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісуге арналған. Осы жылдар ішінде форумның өтуі театр ісін насихаттауда, театр дәстүрі мен біртұтас мәдени кеңістікті сақтауда және мәдени байланыстарды дамытуда елеулі оқиға болды.



Жоба аясында Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Халықаралық театр одақтарының конфедерациясы мүшелерімен және әртүрлі елдердің театр қайраткерлері одағының төрағаларымен кездесті.

Министр V Жастар театр форумының қатысушыларына елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосып, заманауи театр өнерін насихаттағаны үшін алғысын білдірді.


Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар