Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Ақпан, 2016

804

«Мәңгілік Ел!» үгіт пойызы Павлодар облысының Ақсу қаласына келді

Қазіргі уақытта «Мәңгілік Ел» үгіт пойызы Қазақстанды аралауда. Ауқымды акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Әр адам құқықтық және бизнесті жүргізу сауалдары бойынша кеңес алып, дәрігердің тексеруінен өте алады. Сондай-ақ үгіт пойыз бағдарламасында қазақстандықтарға бес институционалдық реформаны және «Мәңгілік Ел!» жалпыұлттық идеяларды жүзеге асыруды түсіндіру жоспарланған.

Ақсу бекетінде астанадан келген қонақтарды жүздеген қала тұрғындары күтіп алды. Олардың қатарында: студенттер, ұстаздар мен дәрігерлер, металлургтер мен энергетиктер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғам қайраткерлері бар. Қаныш Сәтпаев, Шәкен Айманов, Сұлтанмахмұт Торайғыров және ұлы даланың басқа да біртуар ұлдарының отанында, құрамында 96 маманы бар акцияға қатысушылар, әр түрлі мәселелер бойынша көмекке мұқтаж және көкейінде сауалдары бар адамдарға кеңестер берді. 

Мемлекеттік және дәрігерлік мекемелердің, мәдениет үйлерінің кабинеттері мен кең залдары кеңес беру шаралары үшін акция қатысушыларына ұсынылды. Ақсу ауданының тұрғындары әділет және мемлекеттік қызмет көрсету, бизнес пен кәсіпкерлік, медицина, білім және ғылым мәселелері бойынша ақыл-кеңестер алды. Ауылшаруашылық мәселелері бойынша біліктілік кеңестер Ақсу ауданы Евгеньевка ауылының Мәдениет үйінде өтті.

«Бізбен бірге пойызда ғылыми дәрежелері мен тәжірибесі жоғары 34 кәсіби дәрігер бар. Сегіз күннің ішінде Қарағанды және Шығыс-Қазақстан облыстарында 2,5 мыңнан астам адамға медициналық және кеңестік-диагностикалық көмек көрсетілді» - деді үгіт пойыз штабының жетекшісі, Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің халықаралық қатынастар кафердрасының доценті Әлпейісов Ә.Қ. 

 Күні бойы қалалық әкімдіктің конференц залында «Қоғамдық келісім» кеңесінің қоғамдық қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүзеге асыруға Ақсу қаласының әкімі Нүкенов Қ.Т, Павлодар облысы ҚХА төрағасының орынбасары Жетпісбаев С.Қ, пойыз штабының жетекшісі, Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің халықаралық қатынастар кафердрасының доценті Әлпейісов Ә.Қ, ҚХА мүшесі, академик, философия ғылымдарының докторы Қазкенов Қ.М, «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігі Қауымдастығы» ААҚ төрағасы Дедерер А.Ф, Павлодар облысы аналар кеңесінің төрайымы Максилова Б.Ш, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Самусев Ю.М, заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Өтебаева Д. Қ, Ақсу ауданы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, қаланың құрметті тұрғындары қатысты. «Мәңгілік Ел!» идеяларының және «100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру негізгі ережелерін түсіндіру «Қоғамдық келісім» кеңесі жұмысының басты міндеті болып анықталды.

Іс-шара шеңберінде алаң қатысушылары пікірталасқа белсене қатысып, кездесу барысында туындаған идеялармен және бастамалармен алмасты. Ақсу қаласының әкімі Нүкенов Қ.Т өз сөзінде былай деді: «Бүгінгі кездесу Елбасы ұсынған идеяны түсінуге және оны жүзеге асырудың аса тиімді жолдарын бірлесіп анықтауға көмектеседі. Ақсу қаласы, ең басты құндылығы – адамдарымен ерекшеленетінін атап өту керек. Бір үйлесімді команда болып біз тұрғындарымыз үшін жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Бұл оңай міндет емес. Бұл міндетті тек бір-бірімізді түсініп, қолдай отыра жүзеге асыра аламыз». Сонымен қатар, Қайрат Теміршотұлы - «Мәңгілік Ел!» - бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін және біздің еліміздің болашағының іргетасы болып табылатын ұлттық идея. Біздің міндетіміз – бірлік пен келісімді сақтап қана қоймай, толерантты және патриоттық сезімі жоғары ұрпақты тәрбиелеу, - деп атап өтті.

 Ақсу қаласындағы маңызды шараларға толы күн С.Дөнентаев атындағы Мәдениет үйінде өткен мерекелік концертпен аяқталды.

   

   

Айтпаев Мақсат

Смағұлова Назыгүл

Кейін қарай