Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Ақпан, 2016

1026

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – білімді, талапты, патриот ұрпақ елі

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік органдар басшылары, жоғары оқу орындарының проректорлары, мәдениет және өнер қайраткерлері, белгілі ғалымдар, этномәдени бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі қарастырылды. Облыстық ҚХА Хатшылығының басшысы                    Е. Құсайын Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өткізілген іс-шараларды айтып өтті. Ауқымды іс-шаралардың бірі - «Ассамблеяның 20 жылына – 20 игі іс» акциясына қарағандылықтардың белсенді қатысқанын, аталмыш акция барысында 88 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылғанын жеткізді. Акция аясында 73 іс-шараға 35 мың тұрғын қамтылып, 21 мың адамға көмек көрсетілді.

21-25 қыркүйек аралығында Ұлытау ауданында республикалық мәдени-ағартушылық «Мың бала» жобасы белсенді атқарылған болатын. Айрықша атап өтетіні, этномәдени бірлестіктердің 100-ден аса өкілдері жобаға атсалысып, қазақ тілін меңгеру арқылы қазақ халқының мәдениетіне қанығып қайтты.

- Өз қызметімізде ұлттық мәдениет пен ана тілді дамытуға ерекше назар аударамыз. Бүгінгі күнде облысымыздағы 78 этномәдени бірлестікте 3000 адам мемлекеттік және ана тілді меңгеруге ден қойған. Олар аймағымыздың саяси-қоғамдық және мәдени өміріне белсенді атсалысып келеді. 9 жылдан бері қызметімен ерекше көзге түскен этномәдени бірлестіктерге Қазақстан халқы бірлігі мерекесі қарсаңында облыс әкімінің сыйақысы табыс етіледі, - деп айтты Хатшылық басшысы.

Біртектілік пен бірлік және ҚХА дамуының 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жоспарына сәйкес Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының 2016 жылғы жұмыс жоспары бекітілген. Ассамблеяның жаңа бағыттары: қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылау қызметтерін дамыту ескеріле отырып, мемлекеттік мәселелерді шешуде этномәдени бірлестіктерді жұмылдырудың арнайы жоспары да жасалған.

- Медиация бағытында қомақты іс-шаралар атқарылуда. Әлеуметтік саланың барлық құрылымдары қамтылған  Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталығының тұжырымдамасы жетілдірілді. Осы бағытта әлеуметтік салалармен жүйелі қарым-қатынас орнатылып, кешенді бағдарламалар мен жобалар да жүзеге асуда, - деп атап көрсетті Е.Құсайын.

Отырыс барысында «Мирас» қоғамдық кеңесінің жұмысы барлық мәселелер бойынша арнайы нәтижеге бағытталғанына назар аударылды. Бұған дейін көптеген ұсыныстар мемлекеттік органдардың назарына ілініп, үкіметтік бағдарламаларды ісге асыруда ескерілген. Кеңес мүшелері «Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығын атап көрсете отырып, әсіресе жастарды білімге, талапшылдықа, патриоттық сезімге тәрбиелейтін бірден-бір ұлттық ұтымды идея екенін айтты. Аталмыш идеяны насихаттауда қоғамда ұлттық, әлеуметтік құндылықтарды дамытып, жауапкершілікті арттыруға арналған көптеген іс-шаралар орындалып жатыр. «Бұл идеяны енгізу мен көпшілікке тарату ісіне азаматтық институттардың қатысуы аса маңызды» деген қорытынды жасады отырысқа қатысушылар.

 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: info@kelisim.kz

 

 

 

 

 

Кейін қарай