Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2016

995

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ ЕЛІМІЗДІҢ ШЫҒЫСЫНДА

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жалпыреспубликалық акция аясында өтетін «Поезд «Мәңгілік ел» поезы ағымдағы жылдың 21 ақпаны күні Өскемен қаласына ат басын тіреді. Поездбен ҚХА кеңесінің мүшелері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері келді.

«Защита» бекетінде құрметті қонақтарға арналған салтанатты кездесу ұйымдастырылды. Қонақтарды күтіп алуға Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінің мен мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, Өскемен қаласының тұрғындары, «Нұр Отан» жастар қанаты, ЖОО және колледж студенттері, көпшілік қауым, БАҚ өкілдері, сонымен қатар, «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының» этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Акцияға қатысушыларды Өскемен қаласының әкімі Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы қарсы алып, алғы сөзінде: - Абай және Шәкәрім сынды ата-бабаларымыздың туған жеріне, металлургтер қаласына, Ольга Рыпакова сынды олимпиада жеңімпазын мақтан тұтатын, республика бойынша ең алғашқы болып Достық үйін ашқан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған этноауылы бар Өскемен қаласына, шырайлы шығысқа қош келдіңіздер! –деп ыстық лебін білдірді.

Қонақтарымыздың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, тарих ғылымының кандидаты Әлпейісов Әміржан Қайырұлы құрметпен күтіп алғандары үшін қала тұрғындарына алғыс білдіріп, делегация мүшелерімен таныстырды және осы акция аясында жақсы жұмыстар жүргізіледі деген сенімін білдірді.

«Мәңгілік ел» пойызымен келген қатысушылар Өскемен қаласы бойынша саяхат жасап, қаламыздың белсенді жастарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара соңында қонақтарға естелікке кәдесыйлар берілді. Сонымен қатар, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ҚХА мүшелерінің қатысуымен конференция отырысы өтті. Қала тұрғындарына бизнес,  ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау және басқа мәселелер бойынша  презентациялар болып өтті. Соның ішінде қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, қаламыздың тұрғындары және этномәдени бірлестіктер өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, жауаптарын алды.  

   

   

Кейін қарай