Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2016

983

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ПОЕЗЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ

Қызылордаға келген сапарында пойыз мүшелері Достық үйі ғимаратын аралап, түрлі этностың құнды жәдігерлері қойылған мұражаймен, концерттік зал, ЭМБ кабинеттерімен және кітапханамен танысты. Сондай-ақ олар ҚХА Қызылорда облыстық хатшылығының басшылығымен, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығымен кездесті. Одан әрі Достық үйінің мәжіліс залында «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді» тақырыбында дөңгелек үстел, семинар-тренинг өткізілді және солардың барысында фокус топпен жұмыс жасалды. Мұнда әрбір қатысушы өз ойын ортаға салып, пікір алмасу мүмкіндігін алды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында корей тілін оқыту кабинетінің жұмысымен танысып, «Теңдессіз сый» акциясы өтті. Пойыз мүшелері этносаралық қарым-қатынасқа арналған «Теңдессіз сый» кітаптар жинағын Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасына сыйға берді. 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ҚХА кафедрасының ұжымымен кездесу де осы жолы өтті. «Мәңгілік Ел» пойызы акциясына қатысушы өкілдер Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізумен осы іс-шараны қорытындылады.
Достық үйінің концерт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» акциясының гала-концерті өтті.

 

 

 

Кейін қарай