Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Ақпан, 2016

896

«Мәңгілік Ел» пойызы - Ақадырда

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Мәңгілік Ел» пойызы Қарағандыдан шығып, Ақадыр кентіне келіп жетті. Оны және сонымен бірге келген консультативтік-диагностикалық «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызын тұрғындар салтанатты түрде қарсы алды. Қазақтың ұлттық киімін киген әжелер шашу шашып, бауырсақ, қымыздан дәм татқызса, «Сударушка» орыс ұлттық ансамблінің ұжымы орыс халқының салт-дәстүріне сай нан мен тұз ұсынды. Теміржол вокзалындағы жылы жүздесуден кейін, ауыл басшылары акция қатысушыларын өндірістік орындармен таныстырды.

 Ат басын тіреген алғашқы мекеменің бірі «Ырыс-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты теміржол көліктерін жөндеумен, сондай-ақ, темір жолдарға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын стратегиялық маңызды объектілердің бірі – Локомотив жөндеу депосы болды. 170 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған ірі кәсіпорын басшылығы лицензия алуға байланысты проблемаларын айтты.  Бүгінде олар бұл құжатты  Ресей Федерациясынан алады екен.

"Біз барлық өзекті мәселелерді тыңдап, лицензия алу мәселесін жеке бақылауға алдық, - деп жауап берді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлерді дамыту палатасы өңірлік даму департаментінің директоры Құралай Қанахина. – Бізде логистикамен айналысатын хатшылық және дәл осы мәселелермен айналысатын департаменттер бар".

Әрі қарай «Мәңгілік Ел» акциясына қатысушылар жергілікті мектеп пен балабақша жағдайымен танысып, кітапханада түрлі министрліктер өкілдерінің тұрғындармен кездесуі ұйымдастырылды. Мамандар азаматтарды алаңдатқан әлеуметтік мәселелерді тыңдап, қажетті кеңес берді. Ауыл  емханасында әртүрлі сала дәрігерлері тұрғындарды қабылдап, консультация өткіздіі. Келушілердің көбі жас аналар мен зейнеткерлер болды.

Қарағандыдан 230 шақырым жерде орналасқан Ағадыр ауылы әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты, 11 700 адам тұратын дамушы елдімекен. Қазіргі таңда аумақтағы 48 шаруа қожалығында    500-ден аса адам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысады. Кентте орта бизнеспен қатар шағын кәсіпкерлік қызмет те қарқынды дамуда. Олардың жылдық тауар айналымы соңғы көрсеткіштер бойынша    1,5 миллиард теңгені құраған.

 2011-2013 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық кешенді даму жоспары аясында мектептер, Мәдениет үйі, кітапханалар күрделі жөндеуден өтіп, жаңа балабақша, көпсалалы футбол стадионы мен хоккей корты салынды.   

 

   

   

   

Кейін қарай