Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Наурыз, 2016

1021

«Мәңгілік Ел» пойызы – Батыс өлкесінде

Поезды қарсы алуға байланысты Орал қаласының вокзалында митинг өтіп, келген қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Б.Мәкен, Орал қаласының әкімі А.Көлгінов, облыстық мекемелер мен ведомстволардың, жастар ұйымдарының  өкілдері қарсы алды.  Бақтияр Мәкен А.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры пойызд штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісовке сөз берді.

Ә. Әлпейісов пойыз құрамында әлеуметтік саланың жауапты мамандары: денсаулық сақтау, білім беру, әділет қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ және басқалары келгенін атап өтті.

Республикалық мамандар таңертеңнен кешке дейін азаматтарды түрлі мәселелер бойынша қабылдады. Күннің әр минутына дейін маңызды болды.  Акция бағдарламасы бойынша Орал қаласына пойыздың келу кезеңінде медициналық мәселелер, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру мәселелері, заңды тұлғаларды, адвокатура мен нотариатты, бизнес пен ауыл шаруашылығын тіркеу мәселелері,   кәсіпкерлікті сервистік қолдау және көптеген өзге де мәселелер жөнінде семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер және кеңестер өткізілді.

* * *

 «Мәңгілік Ел»  пойызының делегаттары Ассамблея Үйінде болып, этномәдени бірлестіктердің қызметімен танысты.  

«Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарының  институционалдық реформасының IV бағытын жүзеге асыру шеңберінде Достық үйінде «Мәңгілік ел – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында облыстың үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес ұйымдастырылды.

– Пойыз Астанадан 15 ақпан күні шықты. Ол 33-тен астам елді мекендерді аралап шығуы тиіс. «Мәңгілік Ел» пойызының құрамында түрлі министрліктер мен ведомстволардың халыққа әртүрлі мәселелер бойынша кеңес беруге және жұмыс істеуге дайын өкілдері бар, -деп атап өтті Қостанай облысының қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қостанай облысы ҚХА жастар қанатының жетекшісі Р.Мартеросян.  

«Мәңгілік Ел» пойызының басшысы Әміржан Әлпейісов атап өткендей, акция Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналады.

–  Адамдармен кездескен кезде біз Қазақстан халқының бірлігі мен қазақстандықтардың достығы,  еліміздің тарихы мен Тәуелсіздігі туралы міндетті түрде айтамыз. Қазақстандық бірегейлік пен бірлік біздің жұмысымызда ерекше орын алады,  – деп атап өтті пойыз басшысы, профессор Әміржан Әлпейісов.

* * *

ҚазИИТУ ғылыми-білім беру кешенінде пойызбен келген білім беру саласының қызметкерлері  «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға!» – «Серпін–2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқытылатын студенттермен кездесті. Кездесуге облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Сабиров, Білім министрлігінің өкілдері Алмас Жұмабеков, Досұлан Айтбаев және басқалары қатысты.  Кездесуде студенттер спикерлерге өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойды. Н. Сабиров пен  А. Жұмабеков әлеуметтік жобаны жүзеге асыру бойынша толық түсіндіріп, тұщымды жауап берді.

Бағдарлама мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастарын кадр мәселесі тапшы болып отырған Қазақстанның - шығыс, солтүстік және батыс  аймақтарына қарай жұмысқа орналастыру және оқыту екенін атап өткен жөн. Бағдарлама шәкіртақы төлеуді, жатақхана бөлуді көздейді, еңбекпен қамтамасыз етіледі.  Жоба Қазақстанда 2014 жылы басталып, қазіргі уақытта студенттер бағдарламаның 1-2 курсында оқиды.

* * *

Топ құрамында  «Атамекен» ҚР ҰКП президиумының мүшесі Талғат Доскенов болды, ол облыс кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде Т. Доскенов облыстың бизнес-қауымдастығы өкілдерінің  сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар өндіріске кадрларды дайындау, ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау және т.б. мәселелерге қатысты болды.

Кездесу барысында Т. Доскенов Геннадий Франктың басшылығымен жұмыс істейтін «Шаңырақ» ЖШС жергілікті әлеуметтік кәсіпорнын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша белгілі үздік кәсіпорны деп мысалға келтіріп, атап өтті. Сондай-ақ кездесуде сыртқы және ішкі туризмді дамытудағы облыстың әлеуеті туралы әңгіме қозғалды.

– Батыс Қазақстан облысы  табиғаты жағынан да, тарихи ескерткіштердің саны жағынан да бірегей аймақ болып табылады, сондықтан сыртқы ғана емес, ішкі туризмді дамыту мәселесін де түсіну қажет, - деп атап өтті  Т. Доскенов.

№5 және №6 қалалық емханаларда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, республикалық денсаулық сақтау орталықтардың мамандары емделушілерді қабылдады. Егер №6 емханада балаларды қабылдаса, ересектер №5 емханаға кеңес алу үшін келді. Пойыз штабының басшысы Ә. Әлпейісовтың айтуынша жарты күн ішінде нефролог, гематолог, травматолог, онколог, ортопед, ревматолог, эндокринолог, пульмонолог, офтальмолог, уролог, невропатолог, гинеколог, сондай-ақ  хирург пен педиатр 300 адамды қабылдады.

Таңертеңгі сағат оннан кешкі беске дейін әр бала Астанадан келген дәрігерлерден медициналық кеңес ала алды.

Астаналық дәрігерлерге қаралуға тек қана қаланың ғана емес, облыстың аудандарынан да балалар келді. Емхана қызметкерлерінің есептеуінше, бір күн ішінде кеңес алу үшін шамамен жүзден астам бала келген. 

Акция бағдарламасының аяқталуына орай Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында Батыс Қазақстан облысындағы іс-шараларды ақпараттық қорытындылау бойынша брифинг өткізілді. Спикер болып «Мәңгілік Ел» пойызы штабының басшысы Әміржан Әлпейісов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры Ильдар Катенов, «Атамекен» ҰКП президиум мүшесі ТалғатДоскенов қатысты.  Жалпы келген қонақтар БҚО пойыздың келуінің оң нәтижесін атап өтті.

– Батыс Қазақстан облысының халқына әлеуметтік көмек пен кеңес көрсету мақсатымыз орындалды деп сеніммен айтуға болады. Халықпен, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен көптеген кездесулер өткізілді. Пойыз құрамына түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кірді, алайда  денсаулық сақтау, білім беру және ғылым министрліктерінің қызметкерлеріне үлкен салмақ түсті. Бізбен бірге пойыз құрамында 30 дәрігер болды. Кеңес алуға келген 28  мың адамның ішінен 10 мыңы тар салалықі дәрігер-мамандарға қаралды.

Білім беру желісі бойынша біздің мамандарымыз жұмыс жасайтын негізгі мәселе - білім беруді несиелеу, жастар саясатын дамыту, мектептерде және білім берудің өзге де мекемелерінде оқыту бағдарламалары болып табылады. ҮЕҰ қызметіне, тіл саясатына, ШОБ қолдау, бизнесті қорғау, құқық пайдалану тәжірибесіне қатысты да көптеген сұрақтар қойылды.

– БҚО бизнес-қауымдастығы болашаққа сеніммен қарайтыны және өз өнімімен халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырғаны қуантарлық жағдай, - деп атап өтті Т. Доскенов.

   

   

 

Кейін қарай