Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2016

768

«Мәңгілік Ел» пойызы» кеншілер астанасында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған  «Мәңгілік Ел» пойызы» акциясын теміржол вокзалында 1000-ға жуық қарағандылықтар қарсы алды. Кең ауқымды әлеуметтік іс-шара 15 ақпанда Астанадан бастау алып, алғашқы бекет - Қарағанды қаласына табан тіреді. Акция аясында поезбен келгендерді қарсы алу рәсіміне қала әкімшілігінің басшылығы мен қызметкерлері, облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени орталықтар өкілдері, білім және денсаулық сақтау қызметкерлері, шығармашылық ұжымдар, студенттер мен жастар, жергілікті  тұрғындар қатысты.

Пойыз қатысушылары құрамында министрліктер мен түрлі ведомстволардың қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер өкілдері мен ғалымдар бар.

«Сіздерді Қарағанды жерінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Заманауи, жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен тұжырымдалған болатын. Аталмыш идея - қазақстандықтардың денсаулығы, білімі, дәулетті жағдайы басты басымдыққа айналған Қазақстан-2050 стратегиясымен ұштасып жатыр», - деп ерекше айтып кетті қала басшысы Н. Әубәкіров.

Сондай-ақ, қала әкімі Тәуелсіздік барша қазақстандықтар үшін қасиетті мереке екеніне баса назар аударды.

«Мәңгілік Ел» пойызы штабының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әміржан Әлпейісов алғашқы аялдаманың Қарағанды қаласынан басталуының символикалық мәні бар дей келе: «Қарағанды - өнеркәсіптік қала ғана емес, бұл - Қазақстанның орталық бөлігі, ұлан-ғайыр Сарыарқа. Қарағанды торапты станция ғана емес, ол өмір, даму торабы. Нақ осы жерде Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев өзінің еңбек жолын, саяси мансабын бастады», - деп сөзін қорытындылады.

Пойыз мүшелері Достық үйінде тұрғындармен кездесу өткізіп, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының басты мақсатын түсіндірді. 

Тұрғындар өз тараптарынан акция ұйымдастырушыларына салмақты сауалдарын қойып, ақпарат алмасты. Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері қоғамдық қабылдауда этномәдени бірлестіктер белсенділерімен кездесті. Келіссөздер барысында өзге ұлт өкілдері этносаралық қатынастар мәселелерімен қатар, Достық үйі базасында қандай үйірмелерді дамытуға болатынын қарастырды. Этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанатының жаңа бағытын іздестіріп, олардың қоғамдағы рөлін күшейтуге арналған жобалар талқыланды.  

Аталмыш акция Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған аса ауқымды іс-шара екені анық. Облыс орталығындағы акция соңы С.Сейфуллин атындағы қазақ драма тетарында эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

Акцияның басты мақсаты – қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы тұғырнамасына байланысты, Елбасының бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегіне қазақстандықтарды біріктіру.

Жалпымемлекеттік акция бағдарламасы Қарағанды облысының әр ауданында жалғасын тауып, мазмұнды іс-шараларға мол болады деп күтілуде. Алдағы уақытта пойыздың Ағадыр, Балхаш, Ақтоғай аймақтарына сапары жоспарланған.

Поезд сапары акциясы республикадағы 33 елді мекенде өткізіліп, 18 наурызда Алматы қаласында аяқталады.

   

   

   

 

 

 Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: info@kelisim.kz

Кейін қарай